Садаған өрілген қамшысын қонышына қыстырып үйге кіргенде:
– Мамам енді келмейді, бізді тастап кетті-і-і.. – деп жылап отырған үшеуге көзі түсті. Жаңа ғана босанғалы кеткен қол астындағы қойшысының әйелінің еріп келген балалары. Үлкені Азат биыл бесінші сынып оқуы керек. Екіншісі қыз, Әйгерім, үшінші сыныпқа барса керек-ті. Кішісі Данияр да жеті жастан асып отыр.
Алғаш інісінің үйінде көргенде-ақ ұнатпап еді осы әйелді. Қойшыларға тамақ істеп, тезек илеп жүрген екен. Көп өтпей-ақ көш жердегі мұның шопанымен танысып, көңіл қосып, мұның отарына келіп алған. Сөзі сұйықтау, әрі бала-шағасы шұбырған әйелге іші жылымап еді. Бірақ, іштей аяп келісім берген. Екеуін қосып тынған. Өтірік қосып сөйлейтіні болмаса, іске тыңдырымды әйел екен.
– Күйеуім қайтыс болған. Ешқандай тума-туысым жоқ. Әке-шешемнен айырылғасын барар жер, басар тауым болмай жалғыз қалдым, - деп егілген алғашында. Бұл сенген еді. Көп өтпей іші білінген бұл әйелді не істерін білмей жүр еді. Түскі асын ішіп алып қой шығаруға кетіп бара жатқан қойшысын әңгімеге тартты.
– Келіннің аяғы ауыр ма деймін. Дәрігерге апарып тексеруге тұрғызу керек шығар, - деді өмірі тозып кеткен «адидасын» тастамай жүретін шопанына қарап. Ол да «ия» дегендей қызыл жыңғылдың білектей бұтасынан ысып алған таяғымен жер шұқып басын изеді. Басқа үн жоқ.
– Әуре болмаңыз, жағдайым жақсы, көке. Туатын кезде бірақ барамын, – деген дауысқа жалт бұрылды. Киіз үйдің ішінде жүрген бұл әйелдің қашан қастарына келіп қалғанын да байқамапты.
– Туатын кезде сені кім қабылдайды. Саған емес маған сөз келеді ғой, – деді бұл.
– Ақша берсеңіз бәрі тынып жатыр ғой қазір, – деп сүйреңдеген әйелдің соңынан үнсіз қарап қалған. Мейлі маған бәрі бір деген іштей. Содан бері көп өткен жоқ, кеше қылықты шығарған.
– Мені орталыққа апарып тастаңыз. Ай-күнім жақын. Тоғыз ай бойы тіркеуге бармағанмын, дәрігерлердің аузын жабатын бірдеңе беріңіз, – дейді. Бұл қойшысына қарады. Ол үнсіз. Әдеттегідей жер шұқып отыр.
– Әй, сенің ішің кішкентай / @san_turli_tagdir ғой, асықпа, әлі тумайсың. – Әңгімеге қазандағы сүтін сапырып тұрған әйелі Халима араласты.
– Жоқ, менің ішім өзі осындай, кішкентай болады. Бес балам да осындай болды ғой. – сүйреңдеп ақыры айтқанына көндірді.
– Апарсаң апарып тасташы. Ол да демалсын, біз де кішкене одан құтылып, дем алайық, - деген әйелі кешкісін мамық жастыққа күнімен аңызақ желге тотыққан жүзін көме түсіп.
– Қиналып қалмайсың ба? Қазан-ошақ, нан, қала берді бес сиыр бар сауатын.
– Бір мәнісі болар.
Құрметті менің сүйікті тыңдармандарым Арнама Тіркеліп қолдап кетініздер лүпіл басып пікір жазып қазақша каналдың дамуына үлес қоса отырыңыздар #аудиокітап #тағдыр #әңгімелержинағы
Әсерлі әңгіме
Информация по комментариям в разработке