Зейнетақы жинақтарын Отбасы банк депозитіне аудару жолы! Артықшылығы | Кемшілігі

Описание к видео Зейнетақы жинақтарын Отбасы банк депозитіне аудару жолы! Артықшылығы | Кемшілігі

Достар,
жақын арада сіз өзіңіздің біржолғы зейнетақы төлемдеріңізді enpf-otbasy.kz онлайн-платформасы арқылы Отбасы банктегі депозитіңізге аудара алатын боласыздар!

"Отбасы банктегі салымды толықтыру" батырмасы қашан және қалай пайда болатыны туралы ақпаратты сәл кейін жариялаймыз.

Ал әзірше БЗТ есебінен толықтырылған депозитпен не істеуге болады және не істеуге болмайтыны туралы ақпаратпен танысыңыздар.

✅ БЗТ қосылған депозиттерге ТҚЖ стандартты шарттары қолданылатын болады.
Яғни депозиттерге Банктің жылдық 2% мөлшеріндегі сыйақысы және 20% мемлекеттік сыйлықақы (жыл нәтижесі бойынша жинақталған 200 АЕК-тен аспайтын жинақ сомаға) есептеледі.

✅ БЗТ қосылған депозит көмегімен Тұрғын үйді 3 жыл ішінде сатып алу қажет болады.
Егер банк клиенттері БЗТ қосылған депозитті көрсетілген мерзім ішінде пайдаланбаса, олар БЖЗҚ-ға қайтарылады.

❗ Салымды жауып, зейнетақы төлемдерін шешіп алуға болмайды. Шотты жапқан кезде ақша БЖЗҚ-ға қайтарылады.

❗ Мұндай депозиттерді туыстарыңызға табыстаған кезде, депозиттегі БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылады.

❗ Депозитті бөлген кезде тек өз жинақтарыңызды және банк сыйақысын алуға болады, егер депозиттің мерзімі 3 жыл және одан көп болса онда мемлекет сыйлықақысын да қоса аласыз, бірақ БЗТ қаражаты БЖЗҚ-ға қайтарылатын болады.

✅ Бір адамның атында бірнеше депозит болса және олардың бірінің құрамында БЗТ қаражаты қосылған депозит болса депозиттерді қосуға болады. Немесе екі адамның депозиттері ал БЗТ қаражаты депозитті қабылдаушы тараптың атында болған жағдайда қосуға рұқсат беріледі.

❗ Интернет-банкингте біржолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған депозиттерді сатуға тыйым салынады. Оларды үшінші тұлғаның кепілгер депозиті ретінде де пайдалануға болмайды.

✅ Бір жолғы зейнетақы төлемдерімен толықтырылған Отбасы банктегі салымдар үшінші тұлғалардың талаптарынан қорғалатын болады.

✅ БЗТ-ны депозитке аударуға болатыны және осы депозитті қандай мақсаттарға пайдалануға болатыны туралы келесі посттарда баяндап береміз.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке