КТК: Қазақстан жаңалықтары 13.08.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 13.08.2024

Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar)

ОНЛАЙН ОҢДЫРМАЙДЫ
Оңай несие орға жығады! Қазақстандықтар онлайн кредитке тыйым салуды талап етіп, қол жинауда. Осындай несиенің кесірінен халық қарызға белшеден батты дейді петиция авторлары.

ҚАЛТАДА КЕТКЕН МИЛЛИОНДАР
Тұтас қаланы бүрсеңдетіп қойып, жылудың ақшасын опырып жеген! Бюджеттің 700 миллионын қолды қылған "Балқаш Жылудың" бұрынғы басшылары сотталды.

ТОЛАРСАҚТАН САЗ КЕШІП
Жедел жәрдемнің өзіне жәрдем қажет! Ақтөбеде науқасты ауруханаға апара жатқан дәрігерлердің өздері батпаққа батып, түн ортасында құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды.

ИТКЕ ЖЕМ БОЛДЫ
Асыл тұқымды деп алдырғаны бұралқылардың ауызында кетті! Маңғыстау облысында қаңғыбас иттер қорадағы қой-ешкіге ауыз сала бастады.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке