Қазақстандық жас режисерлардың «Женатый холостяк» комедиялық фильмі көрерменге жол тартты

Описание к видео Қазақстандық жас режисерлардың «Женатый холостяк» комедиялық фильмі көрерменге жол тартты

Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы қызметкерлердің немқұрайлы жұмысының кесірінен түрлі оқиғаларға тап болатын қарапайым жандардың өмірі отандық режисерлардың фильм түсіруіне себеп болды. Еліміздегі жас режисерлер Нұржан Еркінұлы мен Медет Қалыбековтың өмірден алынған оқиғалар желісімен түсірілген «Женатый холостяк» комедиялық фильмі көрерменге жол тартты. Онда орталық қызметкерлерінің қателігінен бір-бірін мүлде танымайтын жігіт пен қыздың қалай ерлі-зайыпты атанғандары көрсетіледі.
«Женатый холостяк» фильмінің алғашқы көрсетіліміне танымал актерлер мен шығармашылық құрам түгел жиналды.
Комедия жанрындағы фильмнің сюжеті шытырман оқиғаларға толы. Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің ағаттығынан қара жұмысшы болып істейтін азамат өзі танымайтын мұғалім қыздың күйеуі атанады. Бір қызығы, бұдан бойжеткен де, жігіт те хабарсыз. Мұғалім қыз танымайтын адаммен некеде екенін тек өзі тұрмысқа шығар алдында ғана біледі. Фильмнің басты рөлдерін қазақстандық актерлер Еркебұлан Тоқтар, Мәриям Сатай және Артур Асқарұлы сомдайды.
ЕРКЕБҰЛАН ТОҚТАР, актер:
– Дәурен деген қарапайым қазақтың баласын ойнадым. Өзімен өзі жұмыс істеп жүрген адам. Оны шатасып үйлендіріп жібереді. Сол қызбен ажырасам деп жүріп қызық оқиғаларға түседі.
МӘРИЯМ САТАЙ, актриса:
– Мен Жібек есімді басты кейіпкерді ойнадым. Ол өте қатал мінезді қайсар қыз. Ол кішкентай балаларды жақсы көреді. Шынайы өмірдегі өзімнің мінезіме ұқсайды. Сондықтан бұл рөлді ойнау маған қиын болмады.
Фильмнің режисерлері елімізде халыққа қызмет көрсету ортылығындағы қателіктің кесірінен өмірде бар тұрғынның өлгендер қатарына қосылып кеткенін естігенбіз дейді. Өздерінің жаңа туындысын түсіруге де дәл осы шынайы оқиға арқау болыпты.
МЕДЕТ ҚАЛЫБЕКОВ, фильм режиссері:
– Фильм шынайы өмірдегі оқиғаға негізделген. Екі жыл бұрын жаңалықтардан қателік болып, әжейдің өзінің тірі екенін дәлелдей алмай жүргенін көргенбіз. Сол оқиғаға байланысты романтикалық комедия жанрындағы фильм түсірсек деген ой келді.
Бір-бірімен «бейтаныс ерлі-зайыптылардың» хикаясы немен өрбіді, қалай аяқталды? Көрермендер алдағы уақытта «Киноплэкс» кинотеатрлар желісінен көре алады.
Абай Нұржанұлы, Айгерім Туреман




Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

Комментарии

Информация по комментариям в разработке