ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ АЙТЫСЫ: Шалқарбай ІЗБАСАРОВ пен Бибігүл ТІЛЕБАЛДИНОВА

Описание к видео ҚЫЗ БЕН ЖІГІТ АЙТЫСЫ: Шалқарбай ІЗБАСАРОВ пен Бибігүл ТІЛЕБАЛДИНОВА

Құрметті AlFarabi TV арнасының көрермендері, Сіздердің назарларыңызға Қыз бен Жігіт айтысының кезекті шығарылымын ұсынып отырмыз.

Мақсатымыз елдің мұңын жоқтап, барын дәріптеген суырып салма айтыскер ақындарымызды көрермендерімізге таныстыру және ең бастысы тарих үшін қас-қағым сәт болса да, халқымыз үшін алар орны ерекше егемен еліміздің осы отыз жыл ішінде жарыққа шыққан талантты айтыскер ақындарының суырып салмалық өнерін көпшілікке паш ету.

Бұл айтыс 14.03.2018 ж. «Ұлы даланың ұлттық дәстүрлері» Халықаралық форумы аясында Атырау қаласында өткен "Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып..." атты Республикалық ақындар айтысынан үзінді.
Шалқарбай ІЗБАСАРОВ (Атырау) - Бибігүл ТІЛЕБАЛДИНОВА (Алматы)

Біздің эфирімізде жария етілген Айтыстың үзінділері сіздерге қалаған уақытта тамашалауға ыңғайлы болуы үшін бір "АЙТЫС | AITYS" атты плейлистке жиналып жатыр.

Алдағы уақытта тағы қандай Қыз бен Жігіт айтыстарынан үзінділер ұсынғанымызды қалайсыздар? Осы видеоның астына пікір жазып қалдырыңыздар, ол үшін алдымен біздің арнамызға жазылып, достарыңызға да айтуды ұмытпаңыздар...

Бейнеүзік www.youtube.com порталынан алынды.

ЕСКЕРТУ: Құрметті көрермендер, бейнематериалдағы техникалық ақаулар үшін алдын ала кешірім сұраймыз.

#Айтыс​ #AlFarabiUniversity​ #TRCKazNU

Комментарии

Информация по комментариям в разработке