ЕЛДЕ ЖОҚ ЕРЕКШЕ МЕШІТ АШЫЛДЫ. ҚҰРАНДЫ ҚОЛМЕН ЖАЗҒАН КАЛЛИГРАФ ОСМАН ТОҺӘ КЕЛДІ

Описание к видео ЕЛДЕ ЖОҚ ЕРЕКШЕ МЕШІТ АШЫЛДЫ. ҚҰРАНДЫ ҚОЛМЕН ЖАЗҒАН КАЛЛИГРАФ ОСМАН ТОҺӘ КЕЛДІ

#осман, #Усман, #Коран ,#Ислам, #Чудо, #Мухаммад, #Аллах, #құран, #рек, #подкаст, #шұғыл, #УсманТаха, #мешіт


Қазақстанның күнгейіндегі Шымкентте сәні мен салтанаты келіскен Сейітжан қари Есжанұлы мешіті ашылды. Имандылыққа ұя болатын мекенде бір мезетте 12 мыңға жуық жамағат мінәжат ете алады. Күмбездері аспанмен астасқан алып мешіт Гиннестің рекордтар кітабына енгізілмек. Салтанатты шараға Құран кітабын қолымен жазған, тегі қазақ, ислам әлеміне танымал тұлға Осман Тоһә арнайы келді.

2014 жылы капсуласы салынған Алланың жердегі үйі 10 жыл бойы салынды. Көрсе көз тоятын әсем ғимаратты қала халқы, жалпы мұсылман қауым ерекше күтті. Дәл осы сәтті күткендей Алланың нұры жауып тұрды. Себелей төккен жаңбырға қарамастан мыңдаған жамағат сыртта тұрып, жұма намазын оқыды. Сейітжан қари Есжанұлы атындағы үлкен мешіттің ашылуына арнайы келген саудиялық шейх, әйгілі каллиграф Осман Тоһәның бұл елімізге алғашқы сапары.

Әлем мұсылмандары қолданып жүрген Құранның әріптерін жазған, Арабтар қолын сүйетін саудиялық каллиграф, қазақ атамыз Шейх Осман Тоһәның нақыштап көркем жазуымен көшіріліп басылған Құранның саны бүгінде 500 000 000-ға жақындаған деседі. Әр әрпін әсемдеп қолмен жазу да оңай емес, әрі араб әріптерінің жазылуы да күрделі. Бір әрпінің өзі төрт түрлі кейіпте яғни сөздің басында келсе басқа түрде, ортасында мүлдем басқаша кейіпте соңында жазылса тіптен басқаша жазылады. Оның үстіне Құран аяттарын көркемдеп жазу тіптен қиын екені белгілі. Мол тәжірибені, қажырлы еңбекті талап ететін Алланың сөзін атамыз қолымен 3 жыл бойы жазған екен.


01:24 500 млн. тиражға жеткен
02:18 Бас имам тағайындалды
04:10 Фитнес орталық та бар
04:34 Толық баяндау

Комментарии

Информация по комментариям в разработке