«Менің тағдырым». Өзектен тепкен өгейлік

Описание к видео «Менің тағдырым». Өзектен тепкен өгейлік

Айдар – ауырдың астымен, жеңілдің үстімен жүргенге үйренген жігіт. Ол үшін «отбасы құндылығы», «әйелді аялау» деген сөздер ескі ертегі мәтініндей. Жанардың істеген жұмысын жақтырмай, тапқан қаражатын санап, азсынады. Өзі түк таппағанымен қоймай, ащы суды аңсап тұрады. Ішіп алса, «еріп келген қызыңмен қабылдадым» деп, міндет қылады. Қалтасына тиын түссе, апталап жоғалып, қыз-қырқынның соңына түседі.
Жанардың көрген күні тұл жетім. Айдардың баспанасын паналап, соның ақысы үшін оңбай таяқ жейтін сәттері де жиілей түседі. Үлкен қызы да өгей әкесінен қорлық көретін.
Перзентін өзектен тепкен өгейге ашынған ана үкімі қандай болды? «Менің тағдырым» деректі драмасынан көріңіздер!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке