Өмір өзен [ КАРАОКЕ ] - Заман тобы

Описание к видео Өмір өзен [ КАРАОКЕ ] - Заман тобы

Өмір өзен
Асып-тасып, төгілетін,
Алқынып ұшатын көңіл-ай,
Өзгерместей көрінетін,
Баянсыз бес күндік өмір-ай,
Тасқын болып, тасып тұрған
Жастық шақ алдады таңдамай
Әлденеге асықтырған
Желігі басылмас жалған-ай.

Қайырмасы:
Өмір-өзен ағады, әттең,
Өкініштің алауы
Жанымды жеп барады.
Өмір-өзен ағады, әттең,
Менің жаным жаралы
Қай жағада қалады?

Дүниеге алданады
Қомағай көзіміз тоймаған.
Бірақ соның бар ма мәні,
Тек оңаша үнсіз ойланам.
Өткізермін өмірімді
Шабытты оздырып сағатқа,
Жүректегі сенімімді
Сөндіре көрмеші, жаратқан.

#караоке #замантобы #казакшакараоке #казакшакараоке #қазақшакараоке

Комментарии

Информация по комментариям в разработке