ОРЫС ҚЫЗЫЛ БӘЛШЕБЕКТЕРІМЕН ҚАРСЫ СОҒЫСҚАН АДАЙ‎ЛАР ТУРАЛЫ!

Описание к видео ОРЫС ҚЫЗЫЛ БӘЛШЕБЕКТЕРІМЕН ҚАРСЫ СОҒЫСҚАН АДАЙ‎ЛАР ТУРАЛЫ!

ОРЫС ҚЫЗЫЛ БӘЛШЕБЕКТЕРІМЕН ҚАРСЫ СОҒЫСҚАН АДАЙ‎ЛАР ТУРАЛЫ!

Адай/Тобыш/Зорбай/Құлбаласы ұруының жиыны!

Адай көтерілісінің оқиғалары туралы Нұрлыбек Қожахметұлының өз көзімен көрген әңгімесінен үзінді!(Құлбаласы ұруының жиыны 20.08.2000жыл)

Қасіретті 1931-жылдың маусым айында Адай көтерілісі Қызыл өкімет әскерлерінен жеңіліп, Маңғыстау халқының ендігі мақсаты Жер үшін күрес емес, бала-шаға қамы үшін, жер бетінен жоқ болып кетпес үшін, шекара асып үдере көшуге мәжбүр болады!

Көш алдында Қожахмет атаның айтқан сөздері:
Бұл кәпір өкімет берісі 40 жылда, әрісі 70 жылда жоқ болады!
Күндердің күнінде ел елге қосылады, тау тауға қосылады.
Ат баспаймын деген жерді — үш басады,
Ел көрмеймін деген жерді — ер үш көреді.
Біз көрмесек те, егемендік өмірді кейінгі жастар мен ұрпақтар көреді... — деп түрікмен шекарасынан өтіп бара жатқанда, туған жері Маңғыстауды қимай армандап кете барады...

Маңғыстау – елің де бай, жерің де бай,
Жеріңе қайтып айналып бара қойсақ болады-ау
Малмен басын мыңғырғандай...

...Енді саған тең қайда?
Бұлыңды білер ер қайда?
Ерге қанат бітірген
Алқалаған ел қайда?
Күндік жерден ат қосса,
Тосып алар төр қайда?
Сегіз арыс Адайды
Кемеліне келтірген,
Шаршысына толтырған
Маңғыстаудай жер қайда?...

(c)Арман НҰРҒАЗЫТЕГІ

Комментарии

Информация по комментариям в разработке