*«ОТТЫ ЖЫЛДАН ОРАЛҒАНДАР...» Ауған соғысының ардагерімен кездесу.*

Описание к видео *«ОТТЫ ЖЫЛДАН ОРАЛҒАНДАР...» Ауған соғысының ардагерімен кездесу.*

«ОТТЫ ЖЫЛДАН ОРАЛҒАНДАР...» Ауған соғысының ардагерімен кездесу. Жұмат Шанин ауылы, 10.02.2021


Ауылымыздың ардақты азаматы, Ауған соғысының ардагері, ағамыз Динабеков Ораз Тілеукенұлымен онлайн сұхбат. Кездесуді ұйымдастырған Қошке Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің ұстазы Есенкелді Жұмакелдіұлы Бакеев пен мектеп оқушыларына алғыс білдіреміз!

Құрметті Ораз Тілеукенұлы!

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар !

Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді. Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер аға, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз Жұмат Шанин ауылының жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді,біз Сіздерге қарап бой түзейміз. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Отан алдындағы борыштарын адал атқарған Сіздей азаматтарды
құрмет тұтамыз.


_____________________
Ауған соғысы (пушт.: په افغانستان کې شوروی جګړه‎‎ , парсы: جنگ شوروی در افغانستان‎‎) — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық-демократяиылық үкіметті” қолдап, көршілес елдің соцмалистік бағытпен дамуын көздеп, “интернационалдық әскери жәрдем береміз” деген желеумен оның ішкі істеріне араласты.
Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 761-і қаза тапты. 21 адам хабарсыз кетті. Бүгінгі таңда Қазақ елінде 10000-ға жуық ауған ардагерлері бар. Олардың 3000-дайы мүгедектер қатарында. Ауғандық ардагерлер қоғамы өкілдерінің сөзінше кеңес заманында мемлекет тарапынан бұларға айтарлықтай көңіл бөлінді. Ал қазіргі кезде аталмыш жеңілдіктерден мүлдем алынып тасталды. Елбасының 1998 - жылдың 28 - сәуірінде шыққан жарлығы аталған жандарға берілетін қаржылық көмектің мөлшерін анықтап берді. Бүгінде ол 2 мың теңгеден сәл ғана асады.

@uopvl
@bayanaul_aqparat
@bayantau_gazeta
@akimat_kurkeli
@k.kemengerov
@zhanargulkadyrova
@murat_ayagan
@elaman_hasenuly
@musabek.seisenbekuly
#баянауылбілімбөлімі

Комментарии

Информация по комментариям в разработке