Қарыз Кредиттен құтылу дұғасы 100 рет. Молитва избавления от долгового кредита 100 раз

Описание к видео Қарыз Кредиттен құтылу дұғасы 100 рет. Молитва избавления от долгового кредита 100 раз

Таби’ин мухаддистерінен болған Әбу Уәил Шәкик ибн Сәләмә былай дейді:

Бір күні Хазіреті Әлидің (р.а.) жанына азаттығымен қауышу үшін қожайынымен келісім жасасқан бір құл келіп:

Уа Әли! Қожайыныма қарыз едім, оны қайтаруға жағдайым жоқ. Маған жәрдем ет, - дейді. Сонда Әли:
Қаласаң, Пайғамбарымыздың ﷺ маған үйреткен дұғасын саған да айтайын, бұл дұғаны үнемі оқысаң, үстіңде Сыр дауындай қарызың болса да Алла Тағала бұл қарызыңнан құтылуға жәрдем етеді, - деп мына дұғаны үйретті:
اَللّٰهمَّ اكْفِنِى بِحَلَالِك عَنْ حَرَامِكَ وَ أَغْنِنِى بِفَضْلِكَ عَمَّنْ سِوَاكَ

Аллаһуммәкфинии би хәләликә ‘ән харамикә. Уә әғнинии би фәдликә ’әммән сиуак

Мағынасы:

Аллаһым! Мені халалыңмен жеткілікті түрде ырзықтандыр, харамға мұқтаждығым қалмасын! Мені сый-сияпатыңмен байыт, Өзіңнен басқаға мұқтаж болмайын!
Барлық құқықтары қорғалған.

Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Ihsan.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке