Анчелотти НЕГЕ жеңіледі? / Бенземаға қастандық болды / FIFA The Best XI #73

Описание к видео Анчелотти НЕГЕ жеңіледі? / Бенземаға қастандық болды / FIFA The Best XI #73

Бұл – Соққы және гол! #73. Қонақта: Арман Пірманов

SOQQY - промокоды арқылы бонусқа ие болыңыз

Телеграмда күнде жаңалықтар шығып тұрады: https://t.me/soqqyjanegoal

Бізді іздесеңіздер:
  / alimjanasqar  
   / tarazfifa  

Бүгін Эль-Класико. Реал Мадрид - Барселона. Қайдан көреміз? Ақпарат https://t.me/soqqyjanegoal парақшасында.

ФИФА аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиді 2022 жылдың үздік ойыншысы деп таныды.

Месси өткен жылы Аргентина құрамасымен бірге әлем чемпионатын және Финалиссиманы жеңіп алды. “ПСЖ” сапында 35 жастағы футболшы Франция чемпионаты мен Суперкубогының жеңімпазы атанды.

Бұған дейін Месси 2019 жылдың үздік ойыншысы атанған болатын. Жылдың үздік футболшысы атануға Килиан Мбаппен мен Карим Бензема да үміткер болғанын айта кетейік.

Ал әйелдер арасындағы жылдың үздік ойыншысы атағына “Барселона” мен Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Алекчия Путельяс лайық деп танылды. Ол өткен жылы Испания чемпионаты мен Суперкубогын, Патшайым кубогының жеңімпазы атанған.

Халықаралық футбол федерациясы 2022 жылдың үздік бапкерін анықтады.

Аргентина ұлттық құрамасының бас бапкері Лионель Скалони жылдың үздік бапкері атанды. Ол өткен жылы Катарда өткен әлем чемпионатында Аргентина ұлттық құрамасын жеңіске бастап әкелді.

Лионель Скалони ұлттық құрамамен жасалған келісімшартын 2026 жылға дейін ұзартқанын еске сала кетейік.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке