Шымкент қаласындағы ең үлкен мешіт қолданысқа берілді

Описание к видео Шымкент қаласындағы ең үлкен мешіт қолданысқа берілді

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Шымкентте тағы бір мешіт ашылды. Қаладағы ең үлкен Алла үйіне 12 мың адам сияды. Оның лентасын Сауд Арабиясынан арнайы келген шейх қиды. Рухани орталықта құлшылық жасауға барлық жағдай жасалған. Жұма намазға жиналған жамағат та жаңа мешіттің бой көтергеніне қуанышты.
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:

Бүгін Шымкент қаласындағы ең үлкен мешіт қолданысқа берілді. Сырты ақ мәрмәрмен көмкерілген рухани орталықтың аумағы 12 гектарды алып жатыр. Ал, оның ішіне 12 мың адам сияды. Сейтжан қари есімі берілген құлшылық орнын белгілі кәсіпкер Серікжан Сейтжанов салған.
СЕРІКЖАН СЕЙТЖАНОВ, кәсіпкер:
– Осындай деңгейге жетуге бірінші Алла, екінші бабаларымыз, үшінші өзімнің әкеме арнап сол кезде әкемізде 6 жастан бастап 12 жаста құранды жаттап алған қари болған кісі. Осы жағдайдың бәрі атамыздан, әкемізден тараған. Ал енді соның үлкен салтанатты ақмешіттің ашылуына келіп отырмыз. Сіздерге мың да бір рақмет!
Алла үйінің салтанатты лентасын Сауд Арабиясынан арнайы келген шейх кесті. Құранды бірнеше тілде қағаз бетіне түсірген каллиграфтың атасы қазақ екен. Атамекеніме келгеніме қуаныштымын деген құрметті қонақ жұмада жиналған жамағатқа ақ батасын берді.
ШЕЙХ ОСМАН ТОҺА, каллиграф:
– Бұл жерге бірінші рет келіп отырмын. Қазақстан туралы, қазақтар туралы айтар болсам олар сондай жомарт халық екен. Ақкөңіл. Жүректерінде дінге деген, құранға деген махаббат бар. Осындай халықтың ортасына келгеніме мен қуаныштымын.
Айта кетейік, мешіт ішінде медресе, мұражай мен кітапхана бар. Одан бөлек 600 адамдық ас беру, конференция залы, неке қию және дәретхана да салынған.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке