Алимент неге өндірілмейді?

Описание к видео Алимент неге өндірілмейді?

Алимент төлемейтін әкеге не істеуге болады?⚖️

Егер, Сізде алимент өндіру туралы сот бұйрығы бар, атқару ісі қозғалған болса, бірақ балаларыңыздың әкесі ақша төлеуден қашып, жалтарып жүрсе не істеуге болады?

✔️Біріншіден, Сот орындаушының әрекетін тексеру қажет. Ақтару ісін қашан қозғады, қандай мәжбүрлеу шараларын қолданды?

✔️Екіншіден, сот орындаушы барлық тиісті әрекеттерді жасады ма? Соны анықтаған жөн?

✔️Үшіншіден, борышкердің әрекетіне қатысты қандай жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілді?

✔️Төртіншіден, табысы туралы мәлемет берді ме? Айлығын аз етіп анықтама тапсырған болса оның заңдылығын тексерткен жөн.

Қорыта айтқанда мынадарды істеген жөн🔈.
🔺1. Атқару өндірісі бойынша анықтау, ақпарат және қол жетімді құжаттарды жинақтау жұмыстарын жүргізу қажет;
🔺2. Сот актісін мәжбүрлеп өндіруге қатысты жүргізілген жұмыстарды тексеру, мәжбүрлеп өндіруге қатысты тиісті арыздарды тапсыру керек.
🔺3. Борышкердің жауапкершілігін шешу жұмыстарын ұйымдастыру қажет.

Сот орындаушының әрекетінің заңдылығына күдік болса Әділет министрлігіне арыз жазып, көмек сұрасаңыз болады.

Осы жұмыстарды жүргізуге көмектесеміз. Алайда, алиментті алып береміз деп уәде бермейміз. Өйткені әр істің, әрбір борышкердің өзіндік жағдайлары болады.

Біз арқылы атқару өндірісі туралы толық ақпарат жинақталады, мәжбүрлеу шараларын қолдануға қатысты арыздар жазылады, борышкердің жауапкершілігін шешу жұмыстарын ұйымдастырылады.

Мұның бәрін әр адам өздігінше істеуіне де болады. Бірақ, біздің компанияға тапсыру көп мәселеден құтқарады.
«Арызды қалай жазам, қайда жазам, қалай жіберемін, қайда жіберемін, мына құжаттар не туралы, не істесем болады?» деген көптеген сұрақтарға бас қатырмайсыз!!!🔔

Сұрақтарыңыз болса бізге жазыңыз↩️
📲+7 775 602 92 32
📲+7 778 110 77 99

Комментарии

Информация по комментариям в разработке