3 немісті шалқасынан түсірген музей | Қазақтың бүкіл тарихы бір музейде | Экскурсоводтың жұмысы

Описание к видео 3 немісті шалқасынан түсірген музей | Қазақтың бүкіл тарихы бір музейде | Экскурсоводтың жұмысы

#НартайАралбайұлы #NartayNews #НартайНьюс #Еңбекадамы

Бүгінгі кейіркеріміз - Данияр Садуақас. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында» гид қызметін атқарады. Ол оқуға кеш түскен. Тоқырау жылдары сауда жасаған, слесарь болған, тіпті шаштаразшы болып та қызмет еткен. Тек 2007 жылы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайына музей-қорығына экскурсовод, экспозиционер болып жұмысқа тұрады. 15 жылдан бері осында тапжылмай қызмет етіп келеді. Мандытқан айлығы не мансабы жоқ қызметтен қол үздірмей келе жатқан қандай махаббат? Құлай берілгені сонша тарихи орынға қызығып келген кез келген адамның көкірек көзін ашады. Данияр секілді гид қана емес, Яссауидің шырақшысындай. Кейіпкеріміз өзі экскурсовод, өзі педагог, жыршы, тарихшы, психолог, өзі шежіреші маман. Даниярдың өмір жолы сынаққа толы, гид ретінде басынан өткерген тылсым дүниелері өте көп. Көріңіздер, таратыңыздар.

"Еңбек адамы" елеусіз қалмасын! Биыл біз тұтас фильмдер сериясын жасауға бел будық. Кейіпкерлеріміз қарапайым қызметкерлер, бірақ үлкен жүректі, еңбекқор, өмірге құштар адал адамдар. Бұған дейін экрандардан тек өнерпаздар мен шенеуніктерді көретін едік. Бұл дұрыс болмады, олқылықтың орнын толтыру керек. Біз соны мойнымызға алдық. Бұйыртса 20 фильм, 1 деректі фильм жарыққа шығады. Көріңіздер!

Инстаграм: https://instagram.com/nartay_aralbayu...
Фейсбук:   / nartai.sarsengaliyev  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке