Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс күрделене түскен секілді

Описание к видео Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс күрделене түскен секілді

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс күрделене түскен секілді. Күні кеше Кремль орта қашықтыққа ұшатын жаңа баллистикалық зымырандарымен Украинаға шабуылдаған. Көрші ел президенті Владимир Путин бұл «америкалық және британдық алысқа ұшатын қаруды» пайдаланған Киевтің әрекетіне қарымта деп мәлімдеді. Ал, АҚШ Ресейдің 50 банкіне қарсы жаңа санкция енгізіп отыр. Геосаяси ахуал ушыққан сәтте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Үкіметке шұғыл әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырып отыр. Президент пікірінше, Қазақстан үшін тұрақтылық пен тыныштықты, заң мен тәртіптің үстемдігін сақтау – стратегиялық мақсат болып отыр.
Дәл қазір Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс мейлінше күрделеніп, жаңа бір деңгейге көтеріліп отыр. Бұл біздің емес, саясаттанушы-сарапшылардың пікірі. Олардың пайымынша, бұған дейін нетүрлі кикілжіңдер болғанымен, құрлықаралық баллистикалық зымырандар қолданылмаған. Демек, өркениеттің өзіне қауіп төніп тұр деуге негіз бар. Сондықтан, қысылтаяң кезеңде мемлекет басшысының ішкі тұрақтылықты сақтап, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аса мән берді. Мәселен, депутат Ерлан Саиров ел ішінде турбулентті геосаяси ахуалды пайдаланып, саяси акциялар ұйымдастыруы ықтимал экстремистік күштер бар дейді.
ЕРЛАН САИРОВ, ҚР парламенті мәжілісінің депутаты:
Міне, сондықтан біздің елімізде осындай қиын-қыстау заманда мемлекеттің ішіндегі МЕМЛЕКЕТТІҢ және АЗАМАТТАРДЫҢ қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тетіктер қажет. Менің ойымша, президент Тоқаевтың нақты айтқаны бүгінгі таңда сол Қазақстан мемлекетінің және азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, осы Қазақстанның ішінде мынау ең негізгісі тұрақтылықты сақтап тұруға бағытталған нақты қадамдар.
Президент тапсырмасынан соң премьер-министр күштік құрылымдар мен әлеуметтік-саяси маңызға ие ведомство басшыларын жиып, шұғыл кеңес өткізді. Үкімет басшысы қорғаныс министрлігінің стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауға арналған іс-шаралар жоспарымен танысқан. Сондай-ақ, меморгандардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойып отыр.
ЕЛДОС ЖҰМАҒҰЛОВ, саясаттанушы:
Бұл енді, әрине мемлекет өзінің бейтарап саясатын ұстана отырып, жалғастырады деп ойлаймын. Дегенмен, осы тәуекелдерге қаншалықты дайынбыз, сол тұрғысынан бір пысықтап, жалпы қоғамды, мына мемлекеттік органдарды жұмылдыру мақсатында, осыған дайын болу мақсатында алдын ала профилактикалық тұрғыда өткізген жиналыстар деп ойлаймын.
Сарапшы қақтығыс ел іргесінде болып жатқандықтан, қауіп жоқ деп айта алмаймын деді. Әрі шиеленіс күрделене түссе, экономикалық салдары сезілуі мүмкін. Сол үшін ішкі ахуалды қатаң бақылауда ұстаған абзал. Ал, Қазақстанның Украинадағы Төтенше және өкілетті Елшісі Дархан Кәлетаев ел азаматтарынан эвакуациялауға қатысты өтініш түскен жоқ деп отыр. Айтуынша, қазір консулдық есебінде 1789 Қазақстан азаматы тіркелген. Оның 1193-і тұрақты, қалғаны уақытша есепте тұр.
--------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке