Құдайдың баласы (болған оқиға). "Болмаған балалық шақ"

Описание к видео Құдайдың баласы (болған оқиға). "Болмаған балалық шақ"

"Құдайдың баласы" атты шығарма елімізге танымал ақынның балалық кезіндегі түрлі оқиғалар ізімен жазылған "Болмаған балалық шақ" повестінен үзінді. Авторы: Ақберен Елгезек. Болған оқиға ізімен. Өмір иірімі. Әсерлі әңгіме. Қызық әңгіме. Әзіл әңгіме. Аудио кітап ретінде ұзынылып отыр. Аудио кітап тыңдауға ұсынылып отыр. Қазақша әңгімелер жинағы. АУДИО КІТАП. Өмір иірімі.

~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~

Шешем бір жылдан кейін күйеуге шығатын болды. Бұл мен үшін мүлде күтпеген жайсыз хабар еді. Марқұм нағашы апамның: «Мамаңды бір жақсы аға үйіне әкетеді, сол сенің папаң болады», – деп жатқаны жадымда.

Әке болудан әдірам қалғыр әлгі «жақсы ағамыз», елу жасына дейін жылқы бағып, дала кезген, адамдармен араласпағасын түз тағысына айналған, қарабайыр һәм қатал адам екен. Елу жасына дейін әйел мен бала дегенді білмеген дүлейге менің шешемді зорлап қосқан сияқты. Қуат. Шешемнің қалыңмалы ретінде нағашы апамның босағасына бір қара бие байланды. Сол қарыны қампайған қара биені сұмдық жек көретінмін. Ешкім жоқта қорада тұрған байғұс жылқыға алыстан тас атамын. Сөйтіп, менің шешеме айырбасталған жануардан өш алғандай боламын.

Шынымен бір күні шешем ақыры үйден кетіп тынды. Есімде қалғаны той болатын күні мені үйге қамап тастады. Куат. Түні бойы я қорқыныштан, я қорланғаннан, я шешемді қимағаннан ба, ұзақ жыладым. Ертеңгі күні тойдан әкелген бауырсақты жеп, өксігі басылмай отырған мені Маржан әпкем жұбатқансыды: «мамамыз барған үй үлкен екен, болашақ папамыз бай екен, бәрімізді жарылқап тастайды екен», – деген сөздерді айтып, өзі де қыстыққан жасын жасыра алмай жылап жіберді.

Күннен күн, аптадан апта озып жатты. Мен болсам, көзім бозарып нағашыларымның үйінде әлі жүрмін. Шешем анда-санда келіп тұратын. Кейін онысы сирей бастады. Соған қарағанда, қара қайыстай күйеуі жібермейтін болуы керек деп ойладым.

Бестен асып алтыға бет алған кезім.


~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~

#аудиокітап #ақберенелгезек #болғаноқиға #қазақшаәңгімелер #құдайдыңбаласы #динарамейрамқызы #қазақшаәңгімелержинағы #әсерліәңгіме #әңгімелер #әзіләңгіме #қызықтыәңгімелержинағы #болмағанбалалықшақ #болмағанбалалықшақповесті #өмірдеболған #өміриірімі

~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~~

Комментарии

Информация по комментариям в разработке