КТК: Қазақстан жаңалықтары 27.02.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 27.02.2024

Жүргізуші: Ерланби Даулетияр (Instagram: @yerlanbi_dauletyar)

ӘУЕЖАЙДАҒЫ ӨРТ
Астана әуежайындағы электр серверлер тұрған бөлмеде оттың тұтануына не себеп болғаны әлі белгісіз. Таңертең көк түтін басқан стратегиялық нысанда қауіп сейілген соң ғана кестеден кешіккен рейстер діттеген жерлеріне аттандырыла бастады.

ЖОСПАРДАН КЕШІКТІ
Аурухана құрылысын белгіленген мерзімінде аяқтамағандар жазаланады -деді премьер Бектенов. Өңірлерде былтыр бой көтеруі тиіс 309 емдеу мекемесінің әлі үштен бірі де салынып бітпеген.

САЯЖАЙЫМЫЗ СҮРІЛМЕСІН!
Семейде қаланың бас жоспарын бекіту бітпейтін дауға ұласып барады. Қала іргесіндегі саяжайда тұратындар баспаналарының сүріліп, орнына көпқабатты үйлердің салынуына қарсылық білдіруде.

УАҚЫТЫМЕН РЕТТЕЛЕДІ
Намазды қаза қылып алмаңыз! Еліміздің бір уақыт белдеуіне көшуіне байланысты Діни басқарма жаңа кестені жариялайды.

САЛЫҚШЫ ЕМЕС!
Бұл біздің бастық емес! Алматыдағы фирмалардың біріне кіріп келіп, "мен салық органында жаңа бастықпын, енді параны маған бересіңдер" деген азаматтың мемлекеттік кірістер бөліміне еш қатысы жоқ деді, Ақша бопсалаған адам қазір іздеуде.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке