Logo video2dn
  • Сохранить видео с ютуба
  • Категории
    • Музыка
    • Кино и Анимация
    • Автомобили
    • Животные
    • Спорт
    • Путешествия
    • Игры
    • Люди и Блоги
    • Юмор
    • Развлечения
    • Новости и Политика
    • Howto и Стиль
    • Diy своими руками
    • Образование
    • Наука и Технологии
    • Некоммерческие Организации
  • О сайте

Скачать или смотреть домбыра туралы аңыз

  • Оқиғалар
  • 2024-03-15
  • 1266
домбыра туралы аңыз
  • ok logo

Скачать домбыра туралы аңыз бесплатно в качестве 4к (2к / 1080p)

У нас вы можете скачать бесплатно домбыра туралы аңыз или посмотреть видео с ютуба в максимальном доступном качестве.

Для скачивания выберите вариант из формы ниже:

  • Информация по загрузке:

Cкачать музыку домбыра туралы аңыз бесплатно в формате MP3:

Если иконки загрузки не отобразились, ПОЖАЛУЙСТА, НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если у вас возникли трудности с загрузкой, пожалуйста, свяжитесь с нами по контактам, указанным в нижней части страницы.
Спасибо за использование сервиса video2dn.com

Описание к видео домбыра туралы аңыз

ДОМБЫРА ТУРАЛЫ АҢЫЗ
(Халық аңызының ізімен)

 

Ертеде атақ-даңқы алысқа кеткен, айбарлы, адуынды бір хан болыпты. Сол ханның қол астында бір ер көңілді, бірақ кедей жылқышы болады. Ол екі иығына екі кісі мінгендей, кескін-келбеті көрікті, сүйкімді жігіт екен. Бір басына жетерлік сан қырлы өнері де мол болған. Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт әрі жауырыны жерге тимеген палуан, әрі жез таңдай әнші екен. Түнде жылқы күзетінде жүргенде, ашық аспан астында шабыттана ән салғанда, тыңдаған жұртты қайран қалдырады.

 

Бір жолы хан қыс қыстауынан жазғы жайлауға көшеді. Хан қызы күміс күймемен келе жатқанда жайлауға қарай мамырлай бет алған қалың жылқының жанынан өтеді. Сол кезде құлағына сазды, әсем ән келеді. Ханның ару қызы күйменің торғын пердесін ысырып, сыртқа еріксіз көз тастайды. Жылқының бергі қапталында ән айтып келе жатқан жігітке көзі түскен хан қызы оның ажар-көркіне, әніне қайран қалады. Бірақ көп қадалып қарауға дәті бармай, бетін бұрып әкетеді.

Жігіттің кең даланы кернеген әсем әні тұла бойын шымырлатып, жан дүниесін өзгеше күйге бөлейді. Бұдан кейін хан қызы күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылады. Түні бойы сонау жылқы өрісі жақтан естілген әсем әнді демін тартып, үздігіп тыңдайды. Мазасы кеткен хан қызы бір күні ең жақын көретін жеңгесіне бар сырын айтып, жылқышы жігітпен кездестіруді өтінеді.

Алғашында тосын әңгіменің әсерінен абдырап қалған жеңгесі есін тез жияды.


Еркежан-ау, ол кедей жігіт қой, қалай болар екен? Әкең, ағаларың біліп қойса қайтесің? – дейді үрейленіп.
Жоқ, жеңеше, жолығатын жолын тап. Төзімім таусылды, - деп жалынады.

Содан хан қызы жылқышы жігітпен үнемі кездесіп жүреді. Аяғы ауырлап қалған қызды анасы мен жеңгесі көп көзінен жасырып ұстайды. Бір күндері айы, күні жеткен қыз егіз нәрестені дүниеге келтіреді. Бұл тосын жай хан құлағына тез жетеді. Ол дереу күнәлі жігітті таптырып, ара түсіп шырылдаған қызының зарына қарамастан оны көп алдында дарға асады. Хан қызын үйқамаққа жаптырып, екі сәбиді мыстан кемпірдің қолына беріп:

«Мына екі некесізді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып, көзін құрт», - дейді.

Қос сәбиді қолтығына қыса жөнелген мыстан елден алыс, шалғайда өсіп тұрған жап-жасыл үлкен бәйтеректің басына шығып, ұлды батысқа қаратып, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді.

Құлындағы дауысы құраққа шыққан қос сәби жан ұшыра шырқырай жылап, әл-дәрмендері таусылғанша бұтаққа ілінген күйі тырбаңдап тұра береді. Сәбилердің көз жасы тамған жап-жасыл бәйтерек біртіндеп сола бастайды. Бейкүнә нәрестелердің жүрегі тоқтаған шақта ағаш та қуарып, өсуін тоқтатады.

Күндердің күнінде қыз үйқамақтан босанады. Ол балаларын ойлай- ойлай делбе секілді ауруға шалдығады. Бір күні қыз ауылдан қашып шығады. Ол түбінен бұлақ ағып жатқан, жапырақтары солып, қураған бәйтеректің түбіне келіп, арқасын ағашқа сүйеп отырады. Көзі ілініп кетеді. Түс көреді. Түсінде әлгі бәйтерек басына салбырап ілініп, шырқырап жылап тұрған жалаңаш балаларды көреді де, шошып оянады. Орнынан атып тұрып, ағаш басына қарайды. Ешкім жоқ. Жүрегі кеудесін жарардай соғып, есеңгіреген күйі орнына қайта отырады. Арқасын ағашқа тіреген күйі көзін қайта жұмады. Ұйқылы-ояу отырған кезде құлағына бұрын естіп көрмеген бір әлсіздеу мұңлы, зарлы сарын естіледі. Ол дереу орнынан атып тұрады. Жаңағы жұмбақ әуеннің қайдан шыққанын білгісі келеді. Бетін жалбырай

 

жауып кеткен шашын ысырар-ысырмастан ағаш басына өрмелей жөнеледі. Көз алды тұмантып, үн шыққан тұсқа ұмтыла береді. Сол кезде қыз салмағымен шайқалған бәйтерек ортасынан опырылып түседі. Оның іші құр кеуек, қуыс екен. Жерге сұлай жатқан бәйтеректің екі басында бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектер көзіне түседі. Осы кезде баяу соғып тұрған жел күшейе бастайды. Керулі тұрған қос ішек желмен тербетіліп, бұрынғыдан да мұңды, зарлы үн төге жөнеледі.
https://youtube.com/@Okigalar7?si=s9V... #Болған оқиға

Комментарии

Информация по комментариям в разработке

Похожие видео

  • Қызықты дерек: Домбыра туралы сіз білмейтін деректер
    Қызықты дерек: Домбыра туралы сіз білмейтін деректер
    6 лет назад
  • Дана қарт / Кет-Бұға #аңыз #әңгіме #қазақша #оқиға #Кетбұға #данышпанкүйші #Жошыхан #домбыра
    Дана қарт / Кет-Бұға #аңыз #әңгіме #қазақша #оқиға #Кетбұға #данышпанкүйші #Жошыхан #домбыра
    3 года назад
  • Домбыра
    Домбыра
    4 года назад
  • Қобыз аңызы
    Қобыз аңызы
    5 лет назад
  • Любовь Аллаха
    Любовь Аллаха
    2 недели назад
  • Аксак кулан
    Аксак кулан
    11 лет назад
  • Премьер-министр ликвидирован? / Немецкие военные атакованы
    Премьер-министр ликвидирован? / Немецкие военные атакованы
    18 часов назад
  • АҚШАҚАР ЖӘНЕ ЖЕТІ ГНОМ
    АҚШАҚАР ЖӘНЕ ЖЕТІ ГНОМ
    2 года назад
  • Трамп начал «умолять» Иран разблокировать Ормузский пролив — Дмитрий Василец
    Трамп начал «умолять» Иран разблокировать Ормузский пролив — Дмитрий Василец
    16 часов назад
  • Музыкалық аспаптарды құрастыру .Домбыра макетін жасау 👍✊1-бөлім Қараңыздар керемет видео!
    Музыкалық аспаптарды құрастыру .Домбыра макетін жасау 👍✊1-бөлім Қараңыздар керемет видео!
    8 месяцев назад
  • НАУРЫЗ БЕН МЕЙРАМГУЛЬДІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ! ТАБЫЛҒАН ЖЕРДІҢ ВИДЕОСЫ. Атырауда жоғалған отбасы
    НАУРЫЗ БЕН МЕЙРАМГУЛЬДІҢ ДЕНЕСІ ТАБЫЛДЫ! ТАБЫЛҒАН ЖЕРДІҢ ВИДЕОСЫ. Атырауда жоғалған отбасы
    1 день назад
  • ИРАН УНИЧТОЖИЛ ТРАМПА.
    ИРАН УНИЧТОЖИЛ ТРАМПА.
    3 часа назад
  • Домбыраның шығу тарихы
    Домбыраның шығу тарихы
    5 лет назад
  • Ақсақ құлан [Aqsaq qulan].Kazakhstan.mp4
    Ақсақ құлан [Aqsaq qulan].Kazakhstan.mp4
    13 лет назад
  • Новости дня | 11 марта 2026 г. — утренний выпуск
    Новости дня | 11 марта 2026 г. — утренний выпуск
    3 часа назад
  • Жетіген аспабының ерекшелігі
    Жетіген аспабының ерекшелігі
    4 года назад
  • ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫН СУРЕТІ АРҚЫЛЫ ТАБА АЛАСЫҢ БА?😱🤯 23 СҰРАҚ🧠БІЛІМ QUIZ 🟢
    ҚАЗАҚ АҚЫНДАРЫН СУРЕТІ АРҚЫЛЫ ТАБА АЛАСЫҢ БА?😱🤯 23 СҰРАҚ🧠БІЛІМ QUIZ 🟢
    1 год назад
  • Почему весь Брянск в дыму? ЧТО ЗА ВОРОНКА НА МЕСТЕ ВОЕННОГО ЗАВОДА?!
    Почему весь Брянск в дыму? ЧТО ЗА ВОРОНКА НА МЕСТЕ ВОЕННОГО ЗАВОДА?!
    16 часов назад
  • Галатасарай – Ливерпуль | Лига чемпионов. Обзор первого матча 1/8 финала
    Галатасарай – Ливерпуль | Лига чемпионов. Обзор первого матча 1/8 финала
    11 часов назад
  • ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - ДОМБЫРА (15.11.20)
    ҰЛТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ - ДОМБЫРА (15.11.20)
    5 лет назад
  • О нас
  • Контакты
  • Отказ от ответственности - Disclaimer
  • Условия использования сайта - TOS
  • Политика конфиденциальности

video2dn Copyright © 2023 - 2025

Контакты для правообладателей video2contact@gmail.com