Қытай қазағы: “Аш, қаңғып жүрсек те, елге келгеніме өкінбеймін” I Алматы, Алтын Орда

Описание к видео Қытай қазағы: “Аш, қаңғып жүрсек те, елге келгеніме өкінбеймін” I Алматы, Алтын Орда

Алматыда адам айтса сенгісіз, көрер көзге қорқынышты жағдайда өмір сүретін тұрғындардың саны неге өте көп? Тұрмыстың тауқыметін тартып отырған адамдардың өмірі құдды бір соғыстан немесе алапат апаттан кейінгі ауыр ахуалды елестетеді. Күңгіт бөлме, сызды еден, төбеден су сорғалаған салқын жерде адамдар қалай тұрып жатыр? Баспана деуге келмейтін тозған төрт қабырғада тұратын тұрғындардың тағдыры қаншалықты ауыр? Күнделікті тамағын Алматыдан тауып жүрген, барға қанағат, жоқ кезде ашқұрсақ жүретін әлеуметтік жағдайы өте осал отбасылардың ішінде балалар да көп. Олар қымбат телефон, жақсы киім, жайлы өмірді әке-шешелерінен талап етпейді. Оларды мемлекетте ұмыт қалдырған. Тіптен «Ұлттық қордан - балаларға» бойынша бөлінген ақша да әлгі балалардың есеп шотына аударылмаған, билік қабылдамаған. Қайшалысқан қаланың қым-қуыт өмірінде қиынышылықты тек үнсіз ғана өткізіп, жоқшылықты ата-аналарымен бірге көтеріп келеді. Қабырғаны қайыстырған ауыр жағдайда әупірімдеп өмір сүріп жатқан олар үшін өмірдің мәні неде? Адам төзгісіз ауыр жағдайда өмір сүрге не мәжбүр етті? Мемлекеттің кез келген бағдарламасы олар үшін неге жабық?

МАЗМҰНЫ:
00:00 QazaqAIRAN не туралы?
00:50 Алматының тұрмысы түзелмеген тұрғындары
01:51 Жері бай елде, неге кедей көп?
02:46 “Ас бөлмеде ұйықтауға тура келеді”
03:58 Алматыға ауылдан келген тұрғындардың боямасыз өмірі
05:25 Балалары бола тұра, неге ұлттық қордың тізіміне ене алмаған?
07:10 Тоңазытқышында тамағы жоқтан, зар жылаған ана
08:54 “Қытайдан Қазақстанға келгенімде, қымыз ішіп, сары май жеймін деп келгенмін”
11:20 Бір аулада 12 квартирант. Неге әкімдіктен көмек жоқ?
13:58 Экономистің пікірі
16:42 Қараусыз қалған үйде тұрып жүрген қазақ отбасы
20:20 “Қыздарым жақсы үйлерге қонаққа барған соң, өз үйлеріне кіргілері келмейді”
23:26 Аймақтық басқаруды қашан жүйеге келтіреміз?
25:30 Алматы облысы Құмарал ауылындағы тұрмысы төмен отбасының жағдайы
28:59 Елдегі орташа жалақы жайлы. Статистика не дейді?
31:08 “Төрт баламен еш жерде алмайды”. Неге?
32:45 “Асыраушың бар деп, қорлар көмек бермейді...”
34:42 Денесіндегі дерттің жоқ болуын армандайтын ана
35:30 Қазақстанда сыбайлас жемқорлық жойылады ма?
36:43 Ас үйде ұйықтап жүрген ананың тағдыры
42:53 “Бала-шағамның сұрауы көп.Жұмыста көбірек болғым келеді”

AIRAN-ға Kaspi.kz арқылы қолдау көрсету: https://pay.kaspi.kz/pay/t1gjcy0p
Patreon арқылы қолдау: https://patreon.com/AIRAN717?utm_medi...
Сұрақты осы сілтеме арқылы қойса болады: https://www.donationalerts.com/r/aira...

#Досаев #Назарбаев #Токаев #Алматыквартира #АСП #көмек #оралмандар #кедейлер #жетімдер #алтынорда #қарыз #баспана #әлеуметтіккөмек #кредит #несие #ақша #қазақтар #квартирант #жоқшылық #Бишимбаев #Салтанат #Бишімбаев #аренда #деньги #ақша #заработок #работа #Китай #Қытай #АСП #халық #адам #Тоқаев #балалар #бала #тенге # теңге #успех #табыс

Комментарии

Информация по комментариям в разработке