Түн жарымда төрт баласы бар келіншектің көрпесін ашты деген әкімнің басы дауға қалды

Описание к видео Түн жарымда төрт баласы бар келіншектің көрпесін ашты деген әкімнің басы дауға қалды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Жетісу облысының тұрғыны ауыл әкіміне ауыр айып тағып отыр. Әкімдікте жұмыс істейтін қызметкер басшы түн жарымда үйімнің терезесінен кіріп, мені зорламақ болды дейді. Күйеуі мен төрт баласы бар келіншек шенеунікті сотқа беріпті. Басы дауға қалған әкімнің өзі не дейді? Жәбірленушінің талабы қандай? Тараптарды өңірдегі әріптесім тыңдап келді.
Әсем Бөкенова ұяттан өртенсем де басымнан өткен жағдайды айтудан басқа амалым жоқ дейді. Әйел 31 шілде күні өз үйінде өз төсегінде шошынып оянған. Айтуынша, түн жарымда ауыл әкімі терезеден кіріп көрпесін ашқан екен.
ӘСЕМ БӨКЕНОВА, Ақсу ауылының тұрғыны:
– Анықтап қарасам дәу біреу пыс-пыс етіп перегармен отыр екен. Айқайлап кухняның светін жақсам жаңағы әкім. Негізі светті өшірмейтінбіз. Бала болғаннан кейін светті жаққан соң әкім жүгіріп шығып ішкі күршекті 2-3 минуттай аша алмай тұрып ашып қалған еді ар жағында маманы бар екеуі үлкен қашадан жүгіріп қашты. Не істерімді білмей қалдым кімге хабарласу керек екенін білмедім.
Әсем әкімдікте бас маман болып жұмыс істейді екен. Күйеуі жүк көлігімен көрші елдерге тауар тасымалдайды. Үйде көп болмайды. Ол басшымның қырындап, қол жүгіртуі бірінші жағдай емес дейді. Алайда қарамағындағы қызметкерінің сөзін шенеунік жоққа шығарды. Ілияс Райымқұлов бұл әлдекімдер мені қызметтен кетіру үшін әдейі ұйымдастырылған деп топшылайды.
ІЛИЯС РАЙЫМҚҰЛОВ, Ақсу ауылдық округінің әкімі:
– Бұл кісі мемқызметкер үйінде магазині бар. Түнімен істейді. Сол магазинге барғанымыз рас. Досым және әйелім бар жанымда. Тоқылдатып есігін ашпады, магазин жабық екен. Звоногын бастық содан қайтып кеттік бар болғаны осы. Бұл кісі айтуы бойынша, сұмдық жағдай болса не себепті сол кезде сразу полицияға хабарласпайды, ертеңінде түстен кейін бірақ хабарласады. Маған жала жабам деп ақылдасып алды да менің келгенімді көріп алды түнгі уақытта содан арызданып отыр.
МЕРУЕРТ САБЫРТАЙ, тілші:
– Қазір бұл іс аудандық сотта қаралып жатыр. Ауыл әкімі бөтеннің үйіне заңсыз кірді деп айыпталуда. Жәбірленуші істің бұл баппен қаралып жатқанына келіспейді. Сондықтан әділетті шешім шығатынына күмәнмен қарайды. Ал кезекті сот отырысы 24 қыркүйекке белгіленген.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке