Қазақстанның қаржыгерлері базалық зейнетақы мөлшерін арттыруды ұсынды

Описание к видео Қазақстанның қаржыгерлері базалық зейнетақы мөлшерін арттыруды ұсынды

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Елімізде зейнетақы өсуі мүмкін. Қазақстанның қаржыгерлері базалық зейнетақы мөлшерін арттыруды ұсынды. Пікірлерінше, соңғы жылдары өмір сүру минимумы мен базалық зейнетақы төлемінің индексациясы инфляция қарқынынан артта қалып отыр. Нәтижесінде халықтың зейнетақысы қажет деңгейді өспей келеді.
Қазақстанда базалық зейнетақы мөлшері өсуі мүмкін. Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы Үкіметке осындай ұсыныспен шықты. Сарапшылар пікірінше, мемлекет тағайындайтын жиынтық зейнетақының мөлшері алдыңғы жылдармен салыстырғанда азайып келеді. Өйткені еңбек өтілі аз. Сондықтан қаржыгерлер базалық зейнетақыны ең төменгі жалақы көрсеткішімен есептеуді ұсынады.
ЕЛЕНА БАХМУТОВА, ҚР қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы:
- Бұл жалақы деңгейімен тұрақты байланысты қамтамасыз етеді. Алайда ол үшін ең төменгі жалақы мөлшерін экономикада қалыптасқан медиандық жалақыға пропорционалды түрде белгілеу қажет. Бұл дегеніміз, жұмыс істейтіндердің 50 пайызы еңбекақыны осы мөлшерден жоғары, ал 50 пайызы төмен алады.
Бұл өз кезегінде ең төменгі жалақы мөлшерін де арттыруға септігін тигізеді дейді сарапшылар. Егер медиандық жалақы негізінде есептелсе ол 85 мың теңге емес, 113 мың теңгені құрайтын еді. Бірақ бұл көрсеткішке жету үшін бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып талдау жүргізу қажет дейді сарапшы. Ал көпшілік бұл ұсынысты қолдап отыр.
- Біз құптаймыз әрине. Шынында да зейнетақымыз өссе. Өйткені қазір көзге көрінбейді. Өйткені пенсия қосылатын кезде бүкіл баға шарықтап кетеді.
- У меня она ближе к минимальной. Почти как минимальная. Не мешало бы увеличить. Потому что цены растут. Хотя у меня и стаж не маленький.
- Ну да конечно. Нам хочется чтоб государство заботилось о пенсионерах. Ну потому что пенсия какая. А цены в магазине. Не на что не хватает.
Ал еңбек министрлігі сарапшылар ұсынысын жұмыс тобы қарастыратынын айтады. Дегенмен базалық зейнетақы алдағы жылдары өсетінін де жасырмайды
Мемлекет басшысының тапсырмасымен базалық зейнетақы мөлшерін кезең-кезеңімен өсіру жалғасып жатыр. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның ең төменгі мөлшері күнкөріс деңгейі шамасының 65 пайызы мөлшерінде, жоғары мөлшері 105 пайызға өсті. Сәйкесінше, биыл бюджеттен төленетін ең төменгі ортақ зейнетақы көлемі жұмыс өтіліне байланысты 86 068 теңгеден басталып, 197 873 теңгеге жетеді.
Сарапшылар бұл ұсыныс Қазақстандағы зейнеткерлердің күнкөріс деңгейін жақсартады деген пікірде. Әрі зейнетақы жүйесін толық жетілдіреді дейді.
-------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке