Сұмдық! Әскерге сау кеткен сарбаз үйіне есінен адасқан күйде оралып, әкесін сабап тастаған

Описание к видео Сұмдық! Әскерге сау кеткен сарбаз үйіне есінен адасқан күйде оралып, әкесін сабап тастаған

Әскери борышын өтеуге сап-сау кеткен Қызылорда облысы Арал ауданының тұрғыны 19 жастағы Ринат Жеткергенов үйіне есінен адасқан күйде оралыпты. Қазір тіпті ата-анасын танымайтындай хәлге түскен жігіт кейде өзінің не айтып отырғанын да білмей қалады. Ал Ринаттың ата-анасы балалары әскери шенділердің қорлығынан кейін өте ауыр жағдайға түскенін айтады. Сөздерінше, сол жақтағы қызметкерлер сарбазды казармада аяусыз ұрып-соғып, әбден қинап, басына зақым келтірген.
Үш күн бұрын ғана әскери борышын өтеп келген Ринат Жеткергенов үйіне осындай хәлде оралыпты. Содан бері жақындарына маза бермей, өзімен-өзі мүліктерді қиратып, үйдің астан-кестеңін шығарады екен. Тіпті ұлын тынышталдырмақ болған әкесіне де бірнеше рет қол көтеріпті. Жігіт жақындарын танымайды да. Онымен қоймай әр нәрсені сандырақтап, сөйлей береді дейді туыстары.
Ринат Жеткергенов отан алдындағы борышын өтеген Ақтау қаласындағы 25/744 теңіз әскери флотындағылар балаларыңыз сәл ауырыңқырап тұр, күтіп алыңыздар деп ескерткен дейді жігіттің туыстары. Бірақ әскерден енді оралған баланың түрін көргенде үстеріне жай түскендей болғандарын айтады. Сөздерінше пойыздан түскенде Ринаттың үстіндегі киімі жыртық, ал аяғында жаздық аяқ киім болған. Баламыз отан алдындағы борышын өтеп емес, бір жыл бойы құдды бір құлдықта жүріп, қорлық көргендей дейді. Есі кіресілі-шығасылы сарбаз үйіндегілерге әскерде жүріп өзінің қатты қысым көргенін айтқан. Қайтар алдында сегіз күн бұрын төрт әскери қызметкер өзін жабылып ұрып, тіпті құлағын тесіп келеке қылғандарын да жасырмады дейді Ринаттың ағасы.
БАХТИЯР НАҒАШЫБАЕВ, Ринаттың ағасы:
– Құлағын тескен, құлағында жарақаты тұр. Мен сені қыз қыламын, мен сені әйелім қыламын деп издевательства жасаған. Өте қатты қиянат көрсеткен. Жылап тұрып шындығын айтты. Екі күн болды баламен арпалысып жатқанымызға. Ұйықтамайды, сандырақтап сөйлей береді.
Ақ халаттылар 19 жастағы Ринаттың қатты соққыдан миына зақым келді деген қорытынды жасапты. Осыған байланысты Қорғаныс министрілігі де арнамызға жауап берді. Министрлік өкілдерінің айтуынша Ринат әскер қатарында тәртіпті, үлгілі сарбаздардың бірі болған.
ҒАНИ НҮСІПОВ, ҚР Қорғаныс министрлігі Баспасөзь қызметінің өкілі:
– Тәжірибелі командирлер тәрбиешілер мен сержанттар сарбазға әскери міндетті өткеру уақытында қолдау көрсеткен. Сонымен қатар қатардағы жауынгер Ринат Жеткергенов қызмет өткерген кезінде денсаулығына ешқандай шағым жасамаған.
Ал бірақ Ринат әскери борышын өтеген ротадағы жауапты әскери шенділер сарбаздың мұндай жағдайға түскеніне өздері де таң болып отырғандай кейіп танытты. Алайда тексеріс жүргізіліп жатыр дейді. Ал ата-ана кінәлілер Ринатты әскерге барар шағындағыдай ауруынан айықтырып берсін дейді
Абай Нұржанұлы, Махаббат Нұржанқызы












Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Youtube -   / @informburo31kanal  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
Vkontakte - https://vk.com/informburo31
TikTok - www.tiktok.com/@informburo31
WhatsApp Информбюро +7 777 331 31 31

#ҚарулыКүштер #әскер #әлімжеттік #дедовщина #сарбаз #ҰлттықҰлан #буллинг #қысым_жасау

Комментарии

Информация по комментариям в разработке