Атыраудағы «Дина» базарында кәсіпкерді аяусыз ұрып өлтірген азамат 8 жылға бас бостандығынан...

Описание к видео Атыраудағы «Дина» базарында кәсіпкерді аяусыз ұрып өлтірген азамат 8 жылға бас бостандығынан...

Атыраудағы «Дина» базарында кәсіпкерді аяусыз ұрып өлтірген азамат 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Атырау қаласының №2 соты осындай үкім кесті. 39 жастағы айыпталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сондай-ақ марқұмның жары мен баласына 20 миллион теңге моральдық өтемақы төлеу міндеттелді. Сот үкімін тыңдауға келген халықтың қарасы қалың. Сот залында ине шаншыр орын жоқ. Қалаға шаруасымен келіп, өмірімен қоштасқан Амандық Сағынғалиевтың тума-туыстары. Негізі Қылмыстық Кодекстің 106-бабының 3-бөлігі бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Бірақ сот сотталушының кәмелетке толмаған 5 баласы барын ескерген.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке