ЖАҢА УАҒЫЗ. Ұстаз Нұралы Бақытұлы.

Описание к видео ЖАҢА УАҒЫЗ. Ұстаз Нұралы Бақытұлы.

31. اللَّطِيفُ Әл-Ләтиф – Жұмсақ, зор кеңшілік Иесі. Өзінің құлдарына өте ілтипатты. Өз құлдарының істерін толық біледі және адамдардың мінездеріне жұмсақтық салады.32. الخَبِيرُ Әл-Хабир – Толық хабар алушы. Барлық істер оның қалауымен жасалады. Ол ешқашан хабарсыз қалмайды. Жаратушының бұл көркем есімін қайталаған адамды Алла Тағала қанағатты етеді.33. الحَلِيمُ Әл-Халим – Ерекше Мейірімді, Өте Жұмсақ. Азабын тездетпейді, бірақ малғұн шайтанға еріп, күнәлі іс жасағандарға азабы жақын.34. العَظِيمُ Әл-Ғазим – Аса зор, кеңшілік Иесі, Мәртебелі, Ең Ұлы. Оның мәртебесінің басы да, соңы да жоқ.35. الغَفُورُ Әл-Ғафур – Кешіруші, күнәларды кешуші. Кешірім сұраушыларды күнәлары үшін қолға алмайды, жаман істерін жақсы амалдарға ауыстырады.36. الشَّكُورُ Әш-Шәкур – Шүкірді қадірлеуші. Адамдарға шүкірлік айтқаны үшін мәрхамет етеді. Құлдарына көркем істері үшін ізгілік етеді.37. العَلِىُّ Әл-Ғалиу – Өте биік, Жоғары, Мәртебелі. Адамдардың сезім, сана және басқа қабілетіне келетін бейнелерден тыс, одан жоғары. Ол әр уақытта биіктікте.38. الكَبِيرُ Әл-Кәбир – Ұлық, Ең Ұлы, Абырой және мәрхамет иесі. Адамдардың ойлау, көру және сезу мүшелерінен тыс.39. الحَفِيظُ Әл-Хафиз – Қорғаушы. Сүйікті құлдарын жамандық пен кесірден сақтайды. Өз құлдарының сауап істерін қиямет күні мәрхамет ету үшін жазып, сақтайды. Алла Тағала – әлсіздердің жәрдемшісі.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке