ОМАР ЖӘЛЕЛҰЛЫ “МЕН КІММІН?” КІТАБЫ ЖАЙЛЫ АВТОР ДАНИЯР БЕРКІМБАЙМЕН СҰҚБАТ

Описание к видео ОМАР ЖӘЛЕЛҰЛЫ “МЕН КІММІН?” КІТАБЫ ЖАЙЛЫ АВТОР ДАНИЯР БЕРКІМБАЙМЕН СҰҚБАТ

Кітапқа тапсырыс үшін 87762233578 нөміріне хабарласыңыз.

«Мен кіммін?» - Кітап дәл осылай аталады. Шынында да осы кітаптың авторы Данияр Беркімбаев кім? Кәсіпкер. Қатардағы қарапайым жан. Ел қатарлы, біреуден ілгері, біреуден кейін жүріп жатқан жайы бар еді... Бизнесі жолға қойылған, соң көп уақытын смартфон шұқылып, зерігіп, ерігіп өткізетін. «Шын жақсы мінін жасырмайды» дегендей, ол өзін (нәпсісін) аямай осы кітапта шырқырата жазыпты. Бұны осы кітапты зерделеп оқыған соң айтып отырмыз. Әйтпесе Данияр Беркімбаевтің кім екенін біз қайдан білеміз? Біз түгілі, осы кітап жазылғанға дейін, өзінің кім екенін ол өзі де білмеген сыңайлы. Даниярда бір қарағанда бәрі бар, бәрі дұрыс секілді: үй бар, бала-шаға бар, кәсіп бар... бірақ бір нәрсе жетейтінін іші сезетін. Ол іздеп жүрген, жаны ділігір нәрсесі не?.. – оны өзі де анықтап білмейтін. Бір ой оған маза бермегені анық. Ол қандай ой? Қайдан келген ой ол, жанға тыныштық бермейтін: бұл әлде пенде баласының таусылмас арманы, бітпейтін арзу-тілегі ме? Не бұл? Әзірге жауап жоқ еді.

Ойды кіменен алғанын
Адам өзі сезбейді.
Жанның айдап салғанын
Сезбесе де іздейді (Шәкәрім).

Комментарии

Информация по комментариям в разработке