Бізге ардан аттаған сайқал саясат керек емес – Бурахан Дақанов, Құрмет Талапқазы

Описание к видео Бізге ардан аттаған сайқал саясат керек емес – Бурахан Дақанов, Құрмет Талапқазы

Бізде қонақта қоғамдық істерімен ел ықыласына бөленген ерікті жастар Бурахан Дақанов пен Құрмет Талапқазы. Бурахан өзі алдымен үлгі көрсетіп, қазір оңтүстіктен солтүстікке көштің маңызын түсіндіріп, насихат жұмысымен айналысып жүр. Қуаңшылық уақытында Батысқа шөп тасыған Құрмет шетелдегі қандастарды елге әкеліп, солтүстік өңірлерге қоныстандыруды мақсат етеді.

Мүдделес азаматтармен алдағы жоспарлары, билікке, бүгінгі саясатқа көзқарасы, Жаңа Қазақстан жайлы ойлары туралы сөйлестік. Бұл шығарылым қонақтарымыздың ерекше шынайылығымен, тазалығымен ерекшеленеді.

UlysMedia ешкімге міндет артпай, отаншылдықпен халыққа қызмет етіп жүрген осындай азаматтарды қолдауға шақырады.

Facebook:   / samal.ibrayeva  
Telegram: https://t.me/ulysmediatg
Instagram: @Samal_ibrayeva - https://instagram.com/samal_ibrayeva?...
@Ulysmedia.kz- https://instagram.com/ulysmedia.kz?ut... @vyhod_k_pravde - https://instagram.com/vyhod_k_pravde?...

Таймкод:
00:00 Анонс
01:04 Қонақтармен таныстыру
01:57 Құрметтің шетелдегі қандастарды көшіру жоспары
03:37 Ұлысмедиа материалының солтүстікке көшке тигізген көмегі
05:37 Еңбек бағдарламасының тоқтауы, «Тәуекел» қоғамдық ұйымының құрылуы
07:15 «Партияның атын елдік мүддеден жоғары қойып жүрміз»
10:15 Құрмет пен Бураханның шығынын кім өтеп жүр?
13:11 «Тәуекелге» қанша қаржы керек?
16:00 «Қандастарға арнап тұрғын үйлер салу керек»
19:00 Иран мен Өзбекстаннан келгендерді тіліне қарап кемсіту жайлы
21:23 Көшіп келгендерді қалай жұмыспен қамту жолдары
25:09 «Ұлттық рух ұйықтап жатар, бірақ кеудеден өшпейді»
28:27 Солтүстік Қазақстандағы халықтың көңіл күйі
33:12 «40 жылдан кейін шығыс пен солтүстікті армандап қалмайық…»
37:00 «Солтүстікті Құдай ғана сақтап тұр»
39:13 Солтүстікке көшем деген адам нені білуі тиіс
43:37 «Ел ағалары ұйықтап қалмаса бізге хабарласар еді»
47:15 Иран, Ауғанстан қазақтарының азаматтық алу проблемасы
55:03 Құрмет Мұхтар Тайжанның партиясына кіре ме?
58:44 Жер иелеріне үндеу
01:02:34 Министр Қарашүкеев көмектесті ме?
01:03:59 «Президент жанындағы Жастар саясаты кеңесінің аты бар, заты жоқ»
01:05:50 «Бізге ардан аттаған сайқал саясат керек емес»
01:07:39 Құрмет пен Бурахан Жаңа Қазақстаннан не күтеді?
01:11:30 Батырлық пен надандықтың арасы
01:15:22 Торғайды гүлдендіру
01:17:34 «Халық пен билік пышақ болмай бір ту астына біріксін»
01:18:12 Кешірім сұраймыз…

#ҚұрметТалапқазы #БураханДақанов #UlysMedia #БастыЖаңалықтар

Комментарии

Информация по комментариям в разработке