ҮТІР УӘЖІП НАМАЗЫН ОҚУ ҮЛГІСІ. ҮТІР УӘЖІП НАМАЗЫ.

Описание к видео ҮТІР УӘЖІП НАМАЗЫН ОҚУ ҮЛГІСІ. ҮТІР УӘЖІП НАМАЗЫ.

#намаз #үтіруәжіп #ислам #ораза #намаз #құран #исламдіні #рамазанайы #рамадан #рамазон2022 #құранаяты

Әйелдер намаз оқу үлгісі. Үтір уәжіп намазы Құптан намазының 4 ракат паразы мен 2 ракат сүннетін оқып болғаннан кейн, 3 ракат етіп оқылады. Үтір уәжіп намазының ерекшелігі қиямда тұрғанда “фатиха” сүресі және қосымша сүреден кейін тәкбір алып, “Құнт” дұғасын оқуында.

“Құнт” дұғасы былай оқылады:


«Аллаһумма инәә нәстә’иинукә уә нәстағфирукә уә нәстәһдик, уә ну’мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ’аләйкә уә нусни ’аләйкәл-хайра күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук, уә нахла’у уә нәтруку мәй иәфжурук. Аллаһумма ийәәкә нә’буду уә ләкә нусалли уә нәсжуду уә иләйкә нәс’а уа нахфид. Наржу рахмәтәкә уа нахшә ’азаабәкә иннә ’азаабәкә бил куффари мулхиқ»

Құныт дұғасы аудармасы:

«Алла, біз күмәнсіз сенен жәрдем, кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе етіп, саған арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олардан мүлдем байланысымызды үземіз. Алла! Біз тек саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің ризалығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Сенің рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді қамтиды.

Құныт дұғасын оқуды ұмытқан адам не істейді?

Үтір намазында құныт дұғасын оқуды ұмытқан адам намаз соңында сәһу (ұмыту) сәждесін жасайды. Намазды қайтадан оқымайды.
Үтір намазын оқып тұрған адам, “құнт” дұғасын оқуды ұмытып рүкуғке барып қойған болса, құныт дұғасын оқымастан намазын әрі қарай жалғастыра береді. Алайда, намаз соңында әт-тахият дұғасын оқығаннан кейін екі жаққа сәлем беріп, екі рет сәһу сәждесін жасайды. Сәһу сәждесінен кейін әт-тахият, салауат және дұға оқып екі жаққа сәлем беріп, намаздан шығады.
Сәһу сәждесі деп – намаздың ішіндегі рукіндерінің бірін жаңылып кешіктірсе, бір уәжіпті орындамаса немесе кешіктірсе намаздың соңында қосымша екі сәжде жасауды айтады.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке