Тимур Бекмамбетов Анджелина Джоли мен қазақ актерлері жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Описание к видео Тимур Бекмамбетов Анджелина Джоли мен қазақ актерлері жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Белгілі режиссер Тимур Бекмамбетов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Режиссер сұхбатында Жаңа жылға қарсы 10 жыл бойы түсіріліп келе жатқан "Елки" фильмі жайлы айтты.

Сонымен қатар, өз кезінде америкалық блокбастер "Стражи галактики" фильмінің авторларымен картинадағы болашақтың сахналарын Астанада түсіру туралы әңгіме болғанын, алайда неге соңында басқа елде түсірілгені жайлы әңгімелейді.

Бұдан бөлек, Бекмамбетов мәнерлеп сырғанаудан Олимпиаданың қола жүлдегері, марқұм Денис Тен жазған сценарий бойынша фильм түсіруді жоспарлап отырғанын айтты. "Жазда қайғылы оқиға болмай тұрып, Мәскеуде кездесіп, фильмін талқылағанбыз. Ол өзінің идеясын таныстырған. Біз жобаны қабылдап, түсіретін болып шешкенбіз. Амал не, өзі арамызда жоқ. Бірақ фильм түсіріледі. Оның анасы қор ашты. Сол қормен біз жұмысты жалғастырамыз", - дейді маман.

Сұхбат барысында Бекмамбетов Қазақстанда фильм түсіруден неге қорқатынын түсіндіреді. "Мен бірнеше жылдан бері Қазақстанда кино түсіруге тырыстым, болмады. Қазір тырыспаймын да... Қайтсем де реті келмеді. Себеп әртүрлі. Неге екенін білмеймін. Бір жағынан менде қорқыныш бар. Себебі жауапкершілігі ауыр. Маған Америкада, Қытайда, Ресейде сәтсіздікке ұшырау қорқынышты емес. Ал Қазақстанда бұл жағымсыз сезім болушы еді...", - дейді Тимур Бекмамбетов

По вопросам рекламы: [email protected]

Присылайте ваши интересные видео на наш WhatsApp +7 777 001 44 99 и на [email protected]
Следите за новостями Tengrinews - http://tengrinews.kz
Facebook -   / tengrinews.kz  
Twitter -   / tengrinewskz  
Instagram -   / tengrinewskz  
Vkontakte - http://vk.com/tengrinews

Комментарии

Информация по комментариям в разработке