Арт-терапия қорқыныш пен фобиядан арылуға көмектеседі

Описание к видео Арт-терапия қорқыныш пен фобиядан арылуға көмектеседі

Арт-терапия дегеніміз – өнермен емдеу. Арт – өнер, терапия – ем жүргізу деген сөз. Бұрынғы Кеңес үкіметі кезінде арт-терапияны көпшілігінде созылмалы дертпен ауыратын, (сары ауру, өкпе, туберкулез) және тыныс алу жолдары (бронхы), аллергиямен, астмамен ауыратын адамдар, маскүнемдік және ұзақ емделетін наркологиялық аурулар мен құмар ойындарға тәуелділікке ұшыраған адамдарды осы терапиямен емдеген. Мысалы, бұл терапия барысында теңіз жағалауында отырып, түрлі-түсті бояулармен шимайлай сурет салатын болған. Ондағы түстер арқылы адамның жадындағы ақпараттарды, реніші мен өкпесі, жүрегінде қалған ішкі психоэмоционалдық жағдайлар, қорқыныш немесе үрейді анықтауы мүмкін. Және де кейбір адамдар бейсаналы тұрғыда жан дүниесіндегі, ешкім білмейтін жағдайларды жасырып, сол ренішпен дүниеден өтіп кетіп жатады. Осындай нәрселерді ешкімге айтудың да, бөлісудің де қажеті жоқ. Арт-терапияның бір кереметі сурет салу барысында адам жадындағы ақпараттарды қағазға түсіруі. Бұл терапияның ерекшелігі осында. Адамның денсаулығына әсері кез келген адамның созылмалы түрде психологиялық психосоматикалық дерттің барлығына жақсы әсер етеді. #Арттерапия #өнерменемдеу
Инстаграмда art_terapiya_kz деп іздеңіз

Комментарии

Информация по комментариям в разработке