Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерден үнемдеуді өздерінен бастауды тапсырды

Описание к видео Нұрсұлтан Назарбаев әкімдерден үнемдеуді өздерінен бастауды тапсырды

Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл Үкімет мүшелері мен әкімдерді жинап қазіргідей қиын кезеңде үнемдеуді өздерінен бастауды тапсырды. Мемлекет басшысы шенділерді мемлекеттің ақшасын оңды-солды шашпауға, дүрілдеген мерейтойларды тоқтатуға, Экспо мен универсиада өткізуге жұмсалатын қаржыны үнемдеуге шақырды. Тіпті, президент мектептегі оқушыларға тегін берілетін тамақты мемлекет емес, ата-анасы сатып әперсін деді. Ал әкімдер мен министрлерге түрмеге жабылған шенділердің ісі сабақ болуын қатаң ескертті. Президент Үкімет мүшелері мен әкімдерге тағы қандай тапсырмалар жүктеді? Астаналық әріптесіміз Гүлбану Әниятқызы отырыстағы әрбір сәтті қалт жібермеуге тырысқан еді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке