Үркер. Баққожа Мұқай. «Өмірзая» романы

Описание к видео Үркер. Баққожа Мұқай. «Өмірзая» романы

03.08 - Қансейіт Әбдезұлы – М. Мағауин өте көлемді мақала жазыпты, сонда қазіргі тұста қазақ прозасындағы үлкен серпіліс және үлкен серпіліс депті. Себебі мына бодандық сананы, қазақтыңұлттық кіріптарлығын, мәңгүрттену тақырыбы, 250 жыл бодандықта болған қазақтың қайда кетіп бара жатқандығын мына «Өмірзая» терең ашады деп баға беріпті.
07.47 - Гүлжаһан Орда - Бұл романның айтпағы өміріміз зая кеткен жоқ, қазақ мың өліп, мың тірілді, қазақтың болашағы бар, сол романда 4 буын өкілі бар, әр буын өкілінің бір - біріне қарама қарсы кейіпкерлері бар, соларға қарап отырып, қазақтың болашағының барына сенесіз, қанша қиындық көрсе де.
09.20 - Рита Сұлтанғалиева – Ол өмірін сарп еткен адам, ол оның үйі неге сондай деген кезде кез келген оқып отырған адам көзіне жас алады.
10.33 -Жүргізуші – Бұл романда Кенесарыны зерттегені, жазғаны үшін профессор, үлкен ғалым Алдияр Ақпанұлы қуғынға түседі, ал оның шәкірті де қуғынға түседі.
11.29 - Қансейіт Әбдезұлы - Сол кезде мысалы Ермахан Бекмахановтар КазГу-де профессор болып жұмыс істедің, Кенесарыны зерттеді, монография жазды, соңынан сотталды, түрмеге түсті. Сонда Баққожа Мұқай 50-жылдардың басында қиянат көрген, азап шеккен Қайым Мұхаметханов, Ермахан Бекмахановтар Есмаханбет Смаилов сияқты үлкен-үлкен ғалымдардың түрмеге түсіп, азап көріп, ғылыми принциптері үшін таяқ жегенін ғасырдың соңына әкеп, сюжет құрды, прототиптері көрініп тұр.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке