Ай мен Айша / Ai men Aisha - Шерхан Мұртаза (Аудиокітап) 1/7-бөлім

Описание к видео Ай мен Айша / Ai men Aisha - Шерхан Мұртаза (Аудиокітап) 1/7-бөлім

«Ай мен Айша» романы қазақ елінің тарихи мекендерінің бірі – Жамбыл облысына қарасты Жуалы ауданының Мыңбұлақ ауылында туып-өскен Барсхан дейтін баланың өмірін арқау еткен. Кішкентай кейіпкер ав­тордың өзі екені бірден се­зіледі. Ал негізгі кейіпкер ба­ла­ның анасы Айша.
Шығармада соғыс жылдарын­дағы аналардың, «41-ші жылғы келіншектердің» символына айналған Айшаның тағдырдың ауыр тауқыметін тартып, қиын­дыққа мойымай, Аллаға сиы­нып, айға сырын ақтарып, сыртқы жаумен емес, ішкі қас-дұшпанмен арпалысқандығы шебер суреттеледі. Қазақтың талантты жазушысы, «Менің атым – Қожа» повесінің авторы Бердібек Соқпақбаевтың «Соғыс – біреуге соғыс, біреуге – ырыс» деген сөзі айқындала түседі.

Романның өзегінде басқа түскен қиындыққа үнсіз мойын­cұна салу емес, кез келген ты­ғырықтан алып шығар айқын мақсат, табанды мінез, батыл қайсарлық жатыр. Кейіпкерлер арасындағы эмоциялық бай­ланыс­тар мен диалогтар тұр­ғысынан қарағанда, бұл шы­ғарманы – шынайы «драмалық роман»; кейіпкерлердің бір қырымен немесе бір жақты мінезімен шектелмей, өзгеріп отыратын әр алуан мінезді шеберлікпен жеткізу арқылы айшықталған «классикалық және реалистік роман»; бүгінгі таңда да өзектілігін жоғалтпаған қоғамдық мәселелерді арқау еткен «әлеуметтік роман» деп бағалауға болады.

❗ Ескерту: бұл аудиожазба "Dariya" дамыту сайтынан алынған...

Бөлімдер:
0:00 - Сөз басы
2:06 - Боз ала таң
14:25 - Қырау қанат балапан
18:22 - Бір тарының қауызы
24:46 - Саусақ сорғыш бала
33:48 - Бақа жұтқан жылан
41:45 - Ноха
53:07 - Үш ешкінің қайғысы
58:50 - Айшуақ түндер
1:07:01 - Наурыз-көк
1:09:37 - Эльза - кішкентай періште
1:19:59 - Мұсылмандықтың белгісі
1:26:01 - Қоңыраулы еліктер

~ Келесі бөлімдер алдағы уақытта салынатын болады, каналды қолдап лайк пен комент қалдырамыз.!

~ Лайфхак - аудиокітапты экрандағы "настройка" ға кіріп " скорость воспроизведение" батырмасы арқылы өзіңіз қалаған жылдамдықта тыңдасаңыз болады.

📚 Енді бастаушыларға сәттілік, зейіндеріңіз ашылсын.!!!

Комментарии

Информация по комментариям в разработке