КАРАОКЕ | Сен үшін жаралғандаймын - Мейрамбек Беспаев

Описание к видео КАРАОКЕ | Сен үшін жаралғандаймын - Мейрамбек Беспаев

КАРАОКЕ
Сен үшін жаралғандаймын - Мейрамбек Беспаев

Жете алмай саған тіл қатып
Жүректің мұңын тыңдатып
Сағыныш болып кеудемді
Таба алмай емін бұл уақыт
Өртенген сезім бойында
Қанымды қызу тулатып
Жаныңнан бір сәт табылсам
Мен үшін сол да бір бақыт

Жанымды тербеп балдай мұң
Әнімді саған арнаймын
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын
Құс болып ұшып самғаймын
Іздеуден сені талмаймын
Мөлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын, м-м-м-м.
Сен үшін жаралғандаймын
Источник ketpe.com

Теңіздей тулап тамырым
Таусылды төзім сабырым
Жанымды менің шөлдетпей
Нұрыңды төкші жарығым
Жабырқап жүрген көңілді
Жазатын сенсің дәруім
Сүю мен өтсем өмірде
Арманым бар ма аруым

Жанымды тербеп балдай мұң
Әнімді саған арнаймын
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын
Құс болып ұшып самғаймын
Іздеуден сені талмаймын
Мөлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын, м-м-м-м.
Сен үшін жаралғандаймын

Сырғумен өтер сағым жыл
Оралмас қайта шағың бұл
Жылуын аңсап сезімнің
Жаураған менің жаным жүр
Еліктей сұлу бейнеңмен
Еріксіз мені бағындыр
Сарғайтып менің жанымды
Сағындыр сәулем сағындыр

Жанымды тербеп балдай мұң
Әнімді саған арнаймын
Жалт еткен жарық жалғанда
Сен үшін жаралғандаймын
Құс болып ұшып самғаймын
Іздеуден сені талмаймын
Мөлт еткен мөлдір ғаламда
Сен үшін жаралғандаймын, м-м-м-м.
Сен үшін жаралғандаймын

Комментарии

Информация по комментариям в разработке