«Анасын өлтіріп, қызына азғындық жасаған». Қанды қылмыс бүкіл елді дүр сілкіндірді

Описание к видео «Анасын өлтіріп, қызына азғындық жасаған». Қанды қылмыс бүкіл елді дүр сілкіндірді

БІЗДІҢ YOUTUBE АРНАҒА ТІРКЕЛІҢІЗ:    / @informburo31kanal  
---------------------------------------------
Теңдессіз жобамызға көз салыңыз:    • Сөздің шыны керек: [журналистік зертт...  
Бишімбаев ісі -    • Бишімбаев ісі  
Су тасқыны бойынша барлық ақпарат -    • Су тасқыны // Төтенше жағдай  
Жұмбақ өлімдер -    • Жұмбақ өлім  

Бүгінгі шығарылымда:
Түркістан облысы Амангелді ауылында оқушы қыз бен анасын айуандықпен өлтірді деген күдікті қамауға алынды. Мектепте мұғалім болған 30 жастағы азамат үйге түнде келіп, қанды қылмысқа барған дейді қара жамылған отбасы. Марқұмдардың туыстары қаскөй алдымен әйелді кірпішпен ұрып, артынша оныншы сынып оқушысына азғындық жасады деп отыр. Тұтас елдімекен халқын есеңгіреткен қайғылы оқиғаның жай-жапсарын өңірдегі әріптесім Нәзерке Үкібасова біліп келген еді.
Бір-ақ сәтте жетім қалған апалы-сіңілі жандар үшін ауыр күн. Қайғыдан қабырғасы қайысқан отбасы екі бірдей туғанынан қапыда айырылды. Көз жұмғандардың бірі анасы, екіншісі осы әулеттің кенже қызы. Марқұмдардың денесін көргенде жанымыз түршікті дейді Гүлжан Байболатова.
ГҮЛЖАН БАЙБОЛАТОВА, Марқұмдардың туысы:
– Жуындырғанда өзім жуындырдым. Денесін адам қарап болмайды. Бет-ауыздарын танымайды адам. Титтай сіңілімнің көзі ағызып жіберген. Таспен ұрып-ұрып. Соншалықты хайуан болар ма? Бастарын жарып тастаған. Құлақтарының бәрінің айналасын тіккен. Жарылған. Түрі жаман
Амангелді ауылындағы қанды қылмысты естігенде аза бойың қаза болады. Куәгерлердің айтуынша, түн ішінде бұл баспанаға баса-көктеп кірген азамат 45 жастағы әйелді кірпішпен ұрған екен. Қансыраған келіншек оқиға орнында тіл тартпай кетіпті. Содан кейін оның оқушы қызын соққыға жығып, зорлық көрсетіп жатқанын көршілері естіп, үстінен түсіпті.
ОҚИҒА КУӘГЕРІ:
– Бұл терезеден қарадым да бағанағы дүкілдеген тоқтады. Өздері шығар деп қайтып кетіп жатқанымда терезенің көзіне барғанда қыздың дауысы шықты. ыыы деген. Не болса, ол болсын деп жүгіріп кеп кіріп бейткенімде ұрды мені. Сол құшақтаған күйде ұстап тұрған едім жұлқынды. Сүріндім де светті жағуға әрекет жасадым. Ол мына жаққа басын тықты да қашты.
Марқұм Зарипа Нарымбетова үш қыз өсіріп, екеуін тұрмысқа берген. Өзі мектепте аспаз болып жұмыс істеген екен. Сол түні қайтыс болған қызы 16 жаста. Ал, қара жамылған әулеттің жақындары күдікті елдімекендегі жалғыз білім ошағында дене шынықтыру пәнінен сабақ берген деп отыр. Және бұған дейін 30 жастағы азамат оныншы сынып оқушысына қырындап, соның салдарынан жұмыстан қуылғанын айтады.
АЙНҰР БАЙБОЛАТОВА, марқұмдардың туысы:
– Сен менің қызымды тыныш қой. Бұл мектеп оқушысы. 15 жаста. Ол кезде 14-те болған қызымыз. Сен білдей мұғалімсің. Менің қызымды тыныш қой деп айтқан. Милицияға берем деген уақытта сіз бермеңіз өз еркіммен жұмыстан кетемін деп әке-шешесі жалынған жеңгеме. Наша қолданатын бала екен. Ол қалай мұғалім болып жүр. Оны мектеп директорлары қалай жұмысқа қабылдағанын мен әлі түсіне алмай тұрмын.
Полиция іс қозғалып, күдікті қамалғанын жеткізді. Жантүршігерлік оқиғаның жай-жапсары тергеу барысында белгілі болады деп отыр.
АСЫЛЖАН ҚАЛДАРБЕКОВ, Түркістан облысы полиция департаменті бастығыныің орынбасары:
– Полиция Түркістан облысының тұрғыны мен оның кәмелетке толмаған қызын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Бір отбасының екі мүшесін ағайын-туысы күні кеше ақтық сапарға шығарып салды. Қара жамылған жанұя күдікті жалғыз болмағанына сенімді. Олар кінәлілер жазадан сытылып кетпей, тиісті жазасын алсын деп отыр. Айта кетейік, бұл үйдің отағасы да 15 жыл бұрын кісі қолынан қаза тапқан екен.

---------------------------------------------
Біз барлық әлеуметтік желідеміз, тіркеліңіз:
Бізді әлеуметтік желіде оқыңыздар:
Информбюро 31    / @informburo31kanal  
Informburo kz    / @informburokz2022  
Facebook -   / informburo31  
Instagram -   / informburo31  
WhatApp - https://whatsapp.com/channel/0029VaDm...
TikTok - https://www.tiktok.com/@informburo31?...
Біздің сайт: www.31.kz және www.informburo.kz

#Информбюро #31арна #БастыЖаңалықтар #АқиқатынАйтайық

Комментарии

Информация по комментариям в разработке