Жігер Ауыпбаев Қойшы баланы қой бағып жүрген жерінен алып кетті...

Описание к видео Жігер Ауыпбаев Қойшы баланы қой бағып жүрген жерінен алып кетті...

Бұлақ көрсең көзін аш...
Қойшы баланың жайлауына барып ата-анасының алдынан өтіп қайттық.
Сайын далада еш заңдылыққа бағынбай қой бағып жүріп емін-еркін сайрап өскен Қойшы баланың бойынан бала күнгі Жігерді көргендей болдым.
Туған ауылым Кегеннің оң жақ қапталынан орын тепкен Көкпияз ауылында балалық шағымның бір бөлшегі қой бағумен өткен еді.
Өрісте қой кезекте жүріп кеш батқанша уақыт өтпей қоятын.
Сол кезде астымдағы атымды тұсап қойып қойларға айқайлап ән айтып беретін едім.
Таудың тәрбиесі бөлек қой.
Қойшы баланың видеосын @almasbeksadyrbaev ағамыз өз парақшасына салған екен.
Алмасбек ағамыз арқылы қойшы баланың нөмірін тауып хабарластық.
Маған дейін біраз жандар хабарласып Қойшы балаға қолқа салған екен.
Қойшы баланың ата-анасы,бауырлары маған шәкірттікке беруге ниетті екенін білдірді.
Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға-дейді қазақ.
Өзім әлі күнге дейін біреуге шәкіртпін.
Десек те осы күнге дейін жиған азды-көпті ілім-біліміммен енді Қойшы баланы баптап көреміз.
Өнер жолы өте ұазақ жол.
Бұл жолда өнерді сүйген адам ғана жетістікке жетеді.
Арманға жету жолында қаншама қиындықтар,соқпақ жолдар кездеседі...
Солардың бәрінен сүрінбей өткен адамның маңдайы жарқырайды.
Ал сіздер Қойшы бала екеумізге сәттілік тілеп,ақ баталарыңызды беріп қойыңыздар.
Бұйырса жақын арада Қойшы бала екеумізден жаңа ән тыңдап қаларсыздар.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке