Миғражнама 7-ші бөлім

Описание к видео Миғражнама 7-ші бөлім

Мұхаммет с.ғ.с. пайғамбардың миғраж оқиғасы

Мұхаммет с.ғ.с. пайғамбар миғражға Рабиғул әууал айында көтерілді. Ол кезде пайғамбардың жасы елу екіден асқан еді. Мұхаммет с.ғ.с. пайғамбар Құдайдың құдіретімен бір түнде Жебірейіл періштемен жеті қат көкті кесіп өтіп, жеті тозақ, сегіз пейішті түгел аралап, Ұлық Алланың құзырында қонақ боп қайтқан. Сол сапарда пайғамбар ғылымға бағынбайтын, уақыт меңгермейтін, ақылға сыймайтын, қиял кешпейтін Раббы әлемін аралап, сан-санақсыз періштені көрді. Бір түннің ішінде Құдысқа ұшып барып, соңынан Мекке шаһарына қайтып оралды.

Оқыған: Санжар Керімбай
Бейне авторы: Жәнібек Жүсіпбек

Комментарии

Информация по комментариям в разработке