Армысыздар құрметті көрермен! Бүгінгі шығарылымда 17 ғасырда өмір сүрген мемлекет қайраткері, атақты үш биіміздің бірі, кіші жүздің төбе биі Әйтеке би бабамыздың жатқан жеріне саяхат жасаймыз. Құнды деректерді келтіреміз Арнадан ажырамаңыздар!
Біз қазір Бұқара қаласында тұрмыз. Таңғы сағат төрт жарым. Әйтеке би бабамыз Өзбекстан жерінің Навои облысы Нұрата ауданында жатыр. Арақашықтық жүз жетпіс километрді құрайды. Аманшылық болса таңғы салқынмен жетіп қаламыз. Достар, өзбекстанда бензин сататын жанармай бекеттері өте сирек,себебі мұнда көліктердің көпшідігі газбен жүреді.
сондықтан алғашқы кездесен жанармай бекетіне тоқтап бензин құйып алдық. 1 литрі- 9500 сумнан теңгемен 380 тг.
Құймазар суқоймасының жанынан өтіп барамыз.
Бұл жерде Оқтепе демалыс кешені орналасқан. Достар, табиғаттың сұлулығында шек жоқ. Орта ғасырларда Әйтеке бидің бабасы Сейітқұл әулие Нұрата жеріне Қазалыдан кіші жүздің 40 000 шаңырағын көшіріп, қоныстандырған деген тарихи деректер бар.
Кіші жүзге би болғалы Әйтеке биіміз мыңдаған шақырымдарды артқа тастап қазіргі Түркістан олысында өтетін Күлтөбенің басына, Ұлытау жерлеріндегі жиындарға ат терлетіп келіп-кетіп жүргендігін елестетудің өзі- бабаларымыздың тағдырлары елі үшін ат үстінде өткенінің айғағы.
Тарихи-шежірелік деректер бойынша кіші жүз Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан Әйтеке би Әмір Темірдің бас кеңесшісі болатын Ораз қажының бесінші ұрпағы, сондай-ақ бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа» (жаны пәк) деп атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы болып келеді. Әйтеке бидің атасы Ақша Сейітқұлұлы ұзақ жылдар Қоқан хандығының тағына отырып, әмір атанған тарихи тұлға. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батыр Сейітқұлұлы оның бір әкеден туған інісі екендігі тарихтан белгілі. Міне межеге жеттік.
Сейітқұл әулие- Әйтеке би кесенесі Ортағасырлық архитектуралық үлгіде салынып, шегесіз, аматурасыз қаланған. Құрылыс
2008 жылы қыркүйекте басталып, сол жылы желтоқсан айында біткен.
Хиуаның қызыл қышынан Бұқар шеберлері өріп тұрғызған кесененің ұзындығы 15 метр, ені 9 метр, ал биіктігі 11 метр болады. Төбесін көркем майоликамен қапталған көгілдір күмбез көмкеріп тұр. Ал күмбездің төменгі жағы сталакитт
ермен безендірілген.
Қабырғаларының қалыңдығы 1,5 метрден 2,5 метрге дейін жетеді. Қас беті майоликамен қапталып Құран кітабынан алынған сөздер жазылған.
Оюлы есіктері мен терезелері жаңғақ ағашынан жасалған. Оның әрбір тақтайшасы ХVІІІ ғасырдың үлгісімен қолдан ойылған.
Кесене екі камерадан тұрады. Кірген бетте Сейітқұл әулиенің зираты, келесі камерада бес жарым метр қашықтықта Әйтеке би қабірі орналасқан. Құлпытастар Газган қаласынан шыққан мәрмар тастарынан тұрғызылған. Әмір Темірдің заманында бұл ерекше сапалы мәрмәр тастары тек Ұлы әміршінің Жарлығымен ғана пайдал
ануға рұксат етілген екен. Құлпытастар Құран сүрелерімен көмкерілген
Сонымен қатар, сәулетшілер кесененің жер тербелісіне төзімділігін Рихтер шкаласы бойынша 10 баллға төтеп беретіндей етіп есептеген. Демек, кесене, мыңдаған жылдар бойы міз бакпай тұрады деген сөз
Кесенені айнала ұшып жүрген мына кереге қанат бүркіттер мұндағы жердіғ киелі екенін аңғартып тұрғандай.
Кесене құрылысы аяқталған соң, оның жанынан мұнара, мешіт,
мұражай, қонақ үйі, тапша, асхана мен дәретхана салынып, оны айналдыра кірпі
шпен қоршаған. 136 метр тереңдіктен су шығарып, айналаны көгалдандырған. 2012 жылы салтанатты түрде ашылған Мұнда зиярат етушілер мен туристер жиі келеді. Жыл сайын мамыр айының үшінші аптасында Әйтеке бидің ұрпақтары жиналып ас беріледі екен. Мұражайда әртүрлі тарихи кітаптармен қатар Әйтеке бидің, Жалаңтөс баһадүрдің суреттері ілінген. Жыл сайн мұнда келушілер
бабамыздың тұтынған жәдігерлерін тарту етіп, басқа да сый сияпаттарын табыстайды екен. 2008 жылға дейін белгітасы ғана бар зират болып жатқан Әйтеке би бабамыздың аруағы бір аунап тұрғандай. Мына бір домбыраға Әйтеке бейге естелік Кунграт районынан деп жазылған. Бабамыздың әруағына біз де бір күй ойнап бердік.
Осы кешенде қызмет ететін Әбдікәрім есімді имам Әйтеке бидің шежіре тарихымен қоса кешеннің салыну тарихын да баяндап тұр. имамы осынау ұлы істердің бастаушысы Зауытбек Тұрысбеков, Қаражан Сердалиев, Шахарбек Усманов және бір топ кәсіпкер азаматтарды айтуда. Блогерлік іздені барысында кешеннің салыну тарихы жайлы ақпаратты сілтемелерді бейненің жазбасында қалдырамын, оқып көрсеңіздер болады. Келесі жылы яғни 2024 жылы Әйтеке бабамыздың 380 жылдығы аталып өтілмекші. Мұражайжа келушілерге арналған естелік жазба бар екен, біз де өз қолтаңбамызды қалдырып жүре бердік.
Достар, осымен бейнені аяқтаймыз, арнаға жазылып, пікірлеріңізбен бөлісіп отырыңыздарс Сіздермен болған Қожахмет Айнұр, Өмір тамаша ютуб арнасында келесі кездескенше сау болыңыздар. #әйтекеби #сейітқұләулие #төртқара #кішіжүз
Информация по комментариям в разработке