КТК: Қазақстан жаңалықтары 22.12.2023

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 22.12.2023

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyz...)

ҚЫРШЫН КЕТТІ
Ойын балаларымен сырғанақ тебуге шығып, ажал құшқан. Абай облысындағы өзенде жұқа мұз ойылып, су түбіне кеткен 5 жасар баланың денесін сүңгуірлер әзер тапты.

"ҚАЛАЙША КӨРКЕЙТЕМІН?"
Астана дегенде аузысу тапшы, мектеп жетіспейтін, ЛРТ құрылысы бітпеген шаһар елестемеуі керек. Елорда әкіміне президент жағдайды түзеуге берген мерзімнің қалған 6 айында тұрғындар игілігіне не жасап үлгеремін деп отыр Жеңіс Қасымбек?

МҰЗДЫ КЕШЕН
Суық үй, сүреңсіз тірлік! Астанада 280 отбасы бүрсең қағып отыр. Өйткені, тұтас тұрғынүй кешенін құрылыс компаниясы жылуға қоспай кетіп қалған.

ЭПИДЖАҒДАЙ ТҰРАҚСЫЗ
Қызылшаның беті қайтпай, қызық қууға рұқсат жоқ! Жаңа жылды тойлауды бастап кеткен білім ошақтары мен балабақшаларға жауапты органдар осындай ескерту жасады.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке