Ауғанстандағы террорлық шабуылдардан 9 тілші қаза тапты

Описание к видео Ауғанстандағы террорлық шабуылдардан 9 тілші қаза тапты

Ауғанстан астанасы Кабулдағы қос лаңкестік шабуылдан қаза тапқандардың 9-ы – бұқаралақ аппарат құралдарының өкілдері.

Марқұмдардың арасында France-Presse, TOLOnews, Mashal TV, 1ТВ, және «Азаттық радиосының» Ауғанстандағы тілшілері бар. Террорлық акт жергілікті уақытпен таңғы сегіз шамасында болған. Алғашқы жарылыс шаһардағы дипломатиялық ауданда жасалды. Куәгерлердің айтуынша, лаңкес мотоциклмен кетіп бара жатып, өзін жарып жіберген. Осы маңға полиция өкілдері мен тілшілер жиналған сәтте екінші жанкешті топ адамның ішіне келіп жарылғышты іске қосқан. Екі жарылыстан жалпы саны 29 адам қаза тапты. 50-ге жуығы жараланған. Дәрігерлердің айтуынша, жараланғандардың арасында ауыр халде жатқандар бар. Сондықтан марқұмдар саны әлі артуы мүмкін.

Сондай-ақ елдің Қандағар провинциясында шетелдік әскерилер шабуылға ұшырады. Қаз-қатар тізіліп жолға шыққан көліктердің қасында жанкешті өзін жарып жіберген. Салдарынан медреседе тәлім алып жүрген 11 оқушы мерт болып, алты сарбаз жараланды. Қаскөй румындық әскерилерді нысанаға алған. Подписывайтесь на «Хабар 24»:
   / tv24kz  
Наш сайт - https://24.kz
Facebook -   / tvkhabar24  
Instagram -   / tvkhabar24  
Telegram - https://t.me/tvkhabar24
Twitter -   / tvkhabar24  
Vkontakte - https://vk.com/tvkhabar24

Комментарии

Информация по комментариям в разработке