ИСАТАЙДАҒЫ АЛАМАН БӘЙГЕ 2023

Описание к видео ИСАТАЙДАҒЫ АЛАМАН БӘЙГЕ 2023

Исатай ауданының 95, Аққыстау ауылдық округінің 50 жылдығына орай Тұщықұдық ауылында аламан бәйге, ұлттық спорттық ойындар сайысы өтті. Бәйгеге Атырау , Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысынан 50-ге тарта шабандоз қатысты. Көрген жанның делебесін қоздырар ат жарысын Атырау облыстық бәйге федерациясы ұйымдастырып, жалпы жүлде қоры үшін 4 200 000 теңге шығарды. Тоғыз шақырымдық құнан жарыстың бас жүлдесін махамбеттік Жеңіс Төлеген иеленді. 18 шақырымдық топ бәйгеде «Махаббат» атты сәйгүлікпен шапқан қызылқоғалық Айсұлтан Аманқұл бірінші келді. Ал 31 шақырымға созылған аламанның бас жүлдесі қарағандылықтардың қоржынында кетті. Өзгелерден оқ бойы озық шыққан «Ер қасқаға» мінген қарағандылық Әлихан Қайыржанға 1 млн. теңге сыйақы берілді.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке