Жер учаскесін тегін алу үшін не істеу керек?

Описание к видео Жер учаскесін тегін алу үшін не істеу керек?

Жер учаскесін тегін алу үшін не істеу керек?

📍 Әр Қазақстан азаматына тұрғын үй құрылысын салу үшін 0,10 гектар жер учаскесі бір рет тегін беріледі (Жер кодексі 50-б).

❗️ Бұл ретте жылжымайтын мүлік – пәтер, үй, гараж, сатып алынған, сыйға алынған жер учаскесі бар-жоғы маңызды емес.

❗️Жер учаскесіне меншік құқығы оны игергеннен кейін ғана, яғни тұрғын үйді пайдалануға қабылдау туралы актіге қол қойылғаннан кейін тіркеліп, пайда болады.

➡️ Жер учаскесін алу үшін кезекке қою тәртібі
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 01.10.2020 жылғы № 301 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүреді.

➡️ Жер учаскесін тегін алу үшін сол аумақты тіркелу керек пе (прописка)?
Жер учаскесін тегін алу үшін адамның тұрғылықты жері маңызды емес. Мұндай өтінішті Қазақстанның кез келген жеріндегі тиісті әкімдікке тапсыруға болады. Басқаша айтқанда жер учаскесін қайдан алғыңыз келеді сол жердің әкіміне жүгіну керек.

➡️ Жер не жастан бастап беріледі:
Жер учаскелерiне құқық кәмелетке толған адамдарға беріледі. Яғни жер алу үшін жасыңыз 18-де болу керек (Жер кодексі 12-т. 43-б).

➡️ Қажетті құжаттар:
1) арнайы нысандағы Өтініш;
2) Жеке басты куәландыратын құжат.

➡️ Өтінішті тапсырудың екі тәсілі бар:
1) Әкімдіктеге қызмет берушінің кеңсесіне бару арқылы;
2) «egov - электрондық үкіметі» веб-порталы арқылы.

➡️ Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілі екі түрі бар:
1) қағаз түрінде;
2) элекрондық түрінде.

➡️ Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 12 (он екі) жұмыс күні.

➡️ Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
Көрсетілген қызметті берушінің өтінішті арнайы есепке қойғаны туралы хабарламасы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

✅Осындай жер учаскесін алуға өтінішті «Заң Заңғары» Арнайы Электрондық қызмет көрсету бөлімі арқылы тапсыруға болады.

Ешқайда барып сандалмайсыз және қызмет ақысы да қымбат емес.

👌 Бұл қызмет Қазақстанның барлық аумағы бойынша көрсетіледі.

Жерді тегін алуға өтінші бергіңіз келсе мына телефон нөміріне WhatsApp-қа жазсаңыз болады⤵️
+7 775 602 92 32

👍Бөлісейік, тартайық ағайын. Барынша көп қазақ тегін жерге арыз тапсырсын.

#заңзаңғары #заңғаркеңес #адвокат #жер

Комментарии

Информация по комментариям в разработке