Жыршы-жырау Марат Сүгірбайдың Жанқожа батыр туралы (О.Сұлтанов) "Батыр баба" дастанын жырлауы

Описание к видео Жыршы-жырау Марат Сүгірбайдың Жанқожа батыр туралы (О.Сұлтанов) "Батыр баба" дастанын жырлауы

18 наурыз күні Қызылорда облыстық филармониясының 50 жылдығы аясында облыстық, республикалық, халықаралық конкурс, фестивальдердің лауреаты, халықаралық ақын- жыраулар Одағының мүшесі, жыршы-жырау Сүгірбай Марат Бердібайұлының даңқты қолбасшы Жанқожа батырдың ел жолындағы ерен еңбектерін жырлайтын Орнықбай Сұлтановтың «Батыр баба» дастанын жырлайтын рухани жыр кеші өтті.
​Жыр - дастан - қазақ поэзиясының жанрлық түрі, түпкі, негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма.
​Алаш жұртының арын арлап, елдік туын көкке көтерген ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы, үш жүзге даңқы жайылған батыр Жанқожа Нұрмұхаммедұлы 19-ғасырдың 20-жылдарынан бастап Сыр бойы мен Арал теңізінің шығыс жағалауын қоныстанып, қазақтарға өз үстемдігін жүргізген батыр болған.
​Кешті «Томирис» би ансамблінің қойылымымен ашып, Орнықбай Сұлтановтың «Батыр баба» дастанын Марат Бердібайұлы бір жарым сағат тапжылмай жырлап, көрермен қауымның құлақ құрышын қандырды.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке