Logo video2dn
  • Сохранить видео с ютуба
  • Категории
    • Музыка
    • Кино и Анимация
    • Автомобили
    • Животные
    • Спорт
    • Путешествия
    • Игры
    • Люди и Блоги
    • Юмор
    • Развлечения
    • Новости и Политика
    • Howto и Стиль
    • Diy своими руками
    • Образование
    • Наука и Технологии
    • Некоммерческие Организации
  • О сайте

Скачать или смотреть Қазалыда қайтарылған активтер есебінен екі ауыл ауызсу желісіне қосылды

  • QYZYLORDA TV / Қызылорда телеарнасы
  • 2025-10-03
  • 146
Қазалыда қайтарылған активтер есебінен екі ауыл ауызсу желісіне қосылды
ҚазақстанҚызылордаКазахстанКызылордаqyzylorda telekanalqyzylorda telearnasyтелеканал кызылордақызылорда телеарнасы
  • ok logo

Скачать Қазалыда қайтарылған активтер есебінен екі ауыл ауызсу желісіне қосылды бесплатно в качестве 4к (2к / 1080p)

У нас вы можете скачать бесплатно Қазалыда қайтарылған активтер есебінен екі ауыл ауызсу желісіне қосылды или посмотреть видео с ютуба в максимальном доступном качестве.

Для скачивания выберите вариант из формы ниже:

  • Информация по загрузке:

Cкачать музыку Қазалыда қайтарылған активтер есебінен екі ауыл ауызсу желісіне қосылды бесплатно в формате MP3:

Если иконки загрузки не отобразились, ПОЖАЛУЙСТА, НАЖМИТЕ ЗДЕСЬ или обновите страницу
Если у вас возникли трудности с загрузкой, пожалуйста, свяжитесь с нами по контактам, указанным в нижней части страницы.
Спасибо за использование сервиса video2dn.com

Описание к видео Қазалыда қайтарылған активтер есебінен екі ауыл ауызсу желісіне қосылды

#qyzylordatv
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемделген активтерді үкіметке қайтару жұмыстары ширап келеді. Бұл қаржы әлеуметтік маңызды инфрақұрылымдарды салуға бағытталуда. Мәселен, қайтарылған қаражат есебінен Қазалы ауданындағы Шилі, Шитүбек ауылдары орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылды. Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов шалғайдағы ауылдарға арнайы барып, халықтың қуанышына ортақтасты.

ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ \Қарақұмның қойнауында, аудан орталығынан шалғайда қоныс тепкен Шилі елдімекенінің тұрғындары осы күнге дейін мына бұлақтың суын тасып ішті. Енді міне, әрбір тұрғын үйге су құбыры тартылып, тұрғындар сапалы ауыз суға қол жеткізді

Мемлекет басшысы жыл соңына дейін Қазақстан халқын 100 пайыз сапалы ауыз сумен қамту жөнінде тапсырма берген болатын. Ауданда осы мақсатта жүйелі жұмыстар қолға алынып, Шилі, Шитүбек, Шәкен және Сарыбұлақ ауылдарына су желісі тартылды. Соның ішінде алғашқы екі елді мекен тіршілік нәріне қол жеткізіп отыр.

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ - АУДАН ӘКІМІ \қаладағы жағдай ауылда да жасалып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, бүгінде президент тапсырмасымен, бас прократураның қадағалауы мен кезінде ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында шетел асып кеткен қаражаттарымыз қайтарылып жатыр. Соның шінде 1,5 млрд тг қаражатқа біздің ауданда ауыз сумен қамту мәселесін жүргізіп жатырмыз. Бұл да болса халықтың сапалы өмір сүруі үшін, халықтың денсаулығын арттыру үшін атқарылып жатқан жұмыстардың бір парасы деп қабылдайсыздар\

Мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен аймақта денсаулық сақтау, білім беру спорт және коммуналдық саланы жаңғырту бағытында 14 әлеуметтік жоба іске асырылуда.

ДАРЫН ӘБІШ - АУДАН ПРОКУРОРЫ \Активтерді қайтару және қайтарылған активтерді ел игілігіне жұмсау барысында прокуратура органдарымен бірқатар елеулі жұмыстар атқарылуда.Қайтарылған активтер ең бірінші еліміздің мұқтаждық ететін обьектілеріне жұмсалуда. Республика көлемінде 400 ден астам обьектілердің құрылысы жүргізілсе, бесеуі Қазалы ауданына тиесілі. Төрт ауылдық округке су тарту және біреуі орталық аурухана салу жұмыстары жүргізілді\

Шара барысында ауылға су кіргізіп, елдің алғысына бөленген құрылыс мекемесінің жұмысшылары мен түрлі сала қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Алмасбек Есмаханов мұнан соң Шилі ауылындағы тұрғын үйлердің біріне кіріп, ауыз судан дәм татты.

ДИНА БАБАШОВА - ШИЛІ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ \келін болып түскеніме елу жылдай болдықазір. Судың қиыншылық уақыттарын көрдік. Құдықтан, бұлақтан тасып іштік. Солқиыншылықтардың бәрін жеңіп, үйімізге су келіп жатыр. Қуаныштымыз, жақсы,бақытты заманда өмір сүріп жатырмыз. Осындай игілікті істер елімізде болаберсін. Аритсонды құрайық деп әкеп қойдық жылы су ағып тұрсын деп. Қаламен бірдей болып қалдық енді.

Ал, Шитүбек ауылының тұрғындары осы күнге дейін дарияның суын тұшытып, тұтынып келді. Енді міне, елді мекен орталықтандырылған ауыз су желісіне қосылып, әрбір үйде су сарылдап ағып тұр.

АНАР БАЕКЕЕВА - ШИТҮБЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
\сапалы су келіп жатыр, аллаға шүкір. Бұл ауылдыңтұрғындары дариядан ішетұғын. Су деген тіршілік көзіғой енді. Суымыз келіпқуанып жатырмыз. Газ келсе енді жақсы болатын еді, күлден, көмірден құтылатын\

Шитүбекте қазіргі күні жиырмадан астам шаңырақ түтін түтетіп отыр. Аядай ғана ауылдың негізгі кәсібі - мал шаруашылығы. Тіршілік нәріне қол жеткізген тұрғындардың ендігі арманы – көгілдір отын. Ақсақалдардың тілегін тыңдаған аудан әкімі елді мекендерді газдандыру, жарықтандыру, жол жөндеу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

АЛМАСБЕК ЕСМАХАНОВ - АУДАН ӘКІМІ
\Бүгінде Президентіміздің, Үкіметтің, облыс әкімінің ерекше қолдауының нәтижесінде ауданның бюджеті 27 млрдқа жетті. Бұл ауқымды қаражат аудандағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүрусапасын арттыруға бағытталып келеді. ...Электр желілерінің тозығы жетіп тұрғандары көп. Оны төмендету бағытында 2,3 млдр тг бөлініп, үш жоба жүзегеасырылуда. Абай ауылынан кейін Ақтан батыр ауылы газге кірді. Қазіргі таңда Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев ауылдарына баратын бас магистральді газ желісі жүргізіліп жатыр

Осылайша жыл соңына дейін елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 73 пайызға жетеді. Қазалыда мұнан бөлек автомобиль жолдарын жөндеу, тұрғын үй салу бойынша да бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live
Facebook -   / qyzylordatv  
Instagram -   / qyzylordatv  
Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv
Tiktok -  / qyzylorda_tv  

Комментарии

Информация по комментариям в разработке

Похожие видео

  • О нас
  • Контакты
  • Отказ от ответственности - Disclaimer
  • Условия использования сайта - TOS
  • Политика конфиденциальности

video2dn Copyright © 2023 - 2025

Контакты для правообладателей [email protected]