Отбасылық пакет - Семейный пакет. Депозиттерді табыстау. Уступка

Описание к видео Отбасылық пакет - Семейный пакет. Депозиттерді табыстау. Уступка

Отбасы банкінде депозиттерді табыстау(уступка) өзекті сұрақтардың бірі болып табылады😯

Лүпілдетіп жіберсеңіздер ❤ бұл постты сақтап алып, жақындарыңызбен бөлісіңіздер😉

✅Отбасылық пакетпен депозиттер ашқан соң несие алу алдында, бағдарламаларға қатысу алдында оларды біріктіру қажет.

✅Депозиттерді біріктіру үшін барлық депозиттерді несие алатын бір адамның атына аудару, яғни табыстау қажет.

✅Депозитті табыстау үшін туысқандар арасындағы туыстық қарым-қатынастарды құжат жүзінде растау қажет.

✅Банк шарттарына сәйкес табыстау:
күйеуі/әйелі, ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, өгей аға және өгей әпке, ата/әже, немерелер, бөлелер, жиендер, қайын ата/қайын ене арасында мүмкін болады.

✅Туыстық қарым-қатынастарды растайтын құжаттар:
жеке куәлік, туу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, некені бұзу туралы куәлік, аты-жөнін өзгерту туралы куәлік, әке болуды анықтау туралы куәлік және т.б.

✅Құжаттарда тегі, аты, әкесінің атында барлық әріптер толықтай сәйкес болуы тиіс.

✅Тек ұлт белгілері бойынша айырмашылықтарға рұқсат етіледі. Мысалы:
Болатова Айнур Сериковна - Болат Айнұр Серік қызы

✅Депозиттерді аға-әпке арасында табыстау жағдайында, егер олардың ТЕГІ және ӘКЕСІНІҢ АТЫ 100% сәйкес келетін болса, онда жеке куәлік қана жеткілікті.

Керекті ақпарат!

Отбасылық депозит. Балалар депозитін қалай біріктіруге болады?

Егер балаңыз 14 жасқа толмаса келесі қадам..."Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік етуге және кәмелетке толмаған балаларға мұрагерлікті ресімдеуге арналған анықтаманы" қалай алуға болады:

1. Алдымен өтінім берушіде (ата-аналардың біреуінде) ЭЦҚ (электрондық-цифрлық қолтаңба) болуы тиіс. Өйткені аталмыш анықтама тек қана электрондық үкімет порталы арқылы беріледі (www.egov.kz).

2. Порталда онлайн-қызметтер тізімінде "Отбасы" бөлімін, әріқарай "Қамқорлық, қорғаншылық, қолдау" бөлімін таңдаңыз, сосын "Толық көрсету" батырмасына басыңыз да, "Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік етуге және кәмелетке толмаған балаларға мұрагерлікті ресімдеуге арналған анықтаманы беруді" таңдаңыз.

3. Әріқарай "Қызметті онлайн сұрау" батырмасына басып, өз деректеріңізді және күйеуіңіздің (әйеліңіздің) деректерін енгізіңіз. Суреттегі кодты енгізіңіз де, "ЖСН-ді тексеруді" басыңыз.

4. "Анықтама түрі" міндетті өрісі болады, "Банкке" батырмасын таңдаңыз.

5. Төменде "Кәмелетке толмаған балалар туралы ақпарат" батырмасы болады, "Қосуды" басып, баланың деректерін енгізіңіз. "Тексеру" батырмасын басудың алдында суреттегі кодты енгізу қажет.

6. Төменде қайтадан баланың ЖСН нөмірін енгізіп, суреттегі кодты теріңіз, сосын ғана "Тексеру" батырмасына басасыз.

7. "Банк атауы" бөлімінде міндетті түрде "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ деп жазу қажет.

8. "Қоса тіркелетін құжаттар" бөлімінде "Банк салымының болуын растайтын құжаттың скан-көшірмесі" атты екінші тармағы бар, соған ТҮҚЖБ-дағы салымның сертификатын қосамыз. Енді соңғы тармақ - "Мәміле жасасу үшін күйеуі (әйелі) атынан берілетін, нотариуспен куәландырылған, сенімхаттың немесе қайтыс болу туралы куәліктің электрондық көшірмесі", осында "Кәмелетке толмаған баланың салымдарына иелік ету құқығына күйеуінің (әйелінің) нотариуспен куәландырылған келісімін" қоса тіркеу қажет.

8. "Сұрауды жіберу" батырмасына басыңыз да, өтінімге электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қоясыз.

9. Жеке кабинетіңізде 2-10 күн ішінде кіріс хабарламаларды тексеріп отырыңыз

Комментарии

Информация по комментариям в разработке