КТК: Қазақстан жаңалықтары 20.05.2024

Описание к видео КТК: Қазақстан жаңалықтары 20.05.2024

Жүргізуші: Әйгерім Асқарқызы (Instagram: https://instagram.com/aigerimaskarkyz...)

ДОСЫН АТҚАН
Таразда досын атқан жігіт қамауға алынды. Қылмыс жасалған қару Қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облыстық полициясының департаментінен ұрланған.

ҚАРАЛЫ КҮН ЖАРИЯЛАНДЫ
Иранда президент Ибрахим Раисидің қазасына байланысты 5 күндік аза тұту жарияланды. Әуе апатынан қаза тапқан Раиси мен үкімет мүшелерінің мүрделері бүгін таңда табылған.

КӨЛІКТІҢ ҚАҢҚАСЫ ҚАЛҒАН
Алматының шетіндегі автомобиль жөндейтін орында темір тұлпарларымыз тоналып жатыр дейді жүргізушілер. Полицияға арыз түсіргендерімен техникалық орталық жұртты алдауын тоқтатпаған.

БІЛІКТІ МАМАН ҚАЖЕТ
Алдағы уақытта дұрыс диагноз қойып, аурудан айықтыратын дәрігер таппай қалуымыз мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі медициналық университеттер ақылы бөлімге қаптатып студент қабылдап, бірақ біліміне бас қатырмайтындарына ашулы. Енді ведомство тексеріс бастамақ.

#ктк #жаңалықтар #кткжаңалықтары

Комментарии

Информация по комментариям в разработке