"Өмір-ай, өмір" әні: Шығыс Махан, сөзі: Нұрхан Сұлтанбайұлы, ор: Светлана Айтбаева, "Сарыарқа" анс.

Описание к видео "Өмір-ай, өмір" әні: Шығыс Махан, сөзі: Нұрхан Сұлтанбайұлы, ор: Светлана Айтбаева, "Сарыарқа" анс.

Өмір-ай, Өмір!
Сөзі: Нұрхан Сұлтанбайұлы
Әні: Шығыс Махан

Кеудемді қоңыр самал сазы кернеп,
Көктем келіп қалды ма гүлін зерлеп.
Таусылмас сырнайлы Сырдария,
Тұрғандай аспанымды әнге бөлеп.
                 
Қ- сы:
Өмір-ай, Өмір!
Тай-талас таңғажайып,
Біреу ертең, ал біреу бүгін жеңбек.
Япырмай, жалған шаттық, жалған үміт,
Жалт етіп шыға келед алдан күліп.
Дүние-жалған әрнеге [:алдандырып:].
                    
Зырлайды таң, тағы да зырлайды күн,
Қауашағын ашар гүл алмай тыным.
Домбыра, сыбызғы, қобыз болып,
Кешегі жетті үні зар-қайғының.
              ⚜️⚜️⚜️ 
Ақиқат аппақ қардай арымба едің,
Сары алтындай сарғайған таңымба едің.
Шарық ұрса аққуы көңілімнің,
Жадырап жаз болады жаным менің.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке