Алматы облысы фермерлері шығынға батты

Описание к видео Алматы облысы фермерлері шығынға батты

Әлемдік пандемия бәрінен бұрын бизнеске ауыр тигені белгілі.

Солардың бірі – Алматы облысына қарасты Еңбекшіқазақ ауданында құрылған «Шелек фермерлері» ауылшаруашылық кооперативі. Қазір оның құрамында 35 бірлестік бар. Айтуларынша өнім саудасы 33% төмендеген. Былтыр осы аралықта фермерлер 17 млн теңгенің өнімін сатса, биыл бұл сома 10 млн-нан аспапты. Жалпы кооператив құрамындағылар фастфудқа қажетті өнімдер шығарумен айналысады. «Карантин кезінде көптеген тамақтану орны жұмыс істемеген соң тауар сату қиын болды», – дейді сала өкілдері. Сондықтан кейбір фермер өз өнімдерін базарда арзан бағаға саудалауға мәжбүр болған. Қазір шығынға батқан фермерлерге қалай көмектесуге болатыны қарастырылып жатыр.

Берік Заиров, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Шоб комитетінің мүшесі:

Кооперативтерде бухгалтериялық есеп жүргізу өте қиын. Түрлі кедергі бар. Мәселен, «Шелек фермерлері» кооперативінде 35 бірлестік бар. Соның әрбірінің есебін жүргізу керек. Сәйкесінше бұл қызмет қымбат болып келеді. Білікті мамандарды табу қиын. Осы жайттардың барлығын оңтайландыру керек.

«Хабар» әлеуметтік желілерде / «Хабар» в социальных сетях:

Instagram:   / khabartv  
Facebook:   / khabartv  
Twitter:   / khabartv  
Вконтакте: https://vk.com/khabartv
Одноклассники: https://ok.ru/khabar.agentstvo

Комментарии

Информация по комментариям в разработке