,,Ақ шағала " (сөзі Б.Оспандікі, әуені Ж.Темірованікі. Орындайтын Ұлмекен Ғалымова. 1994жыл)

Описание к видео ,,Ақ шағала " (сөзі Б.Оспандікі, әуені Ж.Темірованікі. Орындайтын Ұлмекен Ғалымова. 1994жыл)

Өмірін өнерімен өрнектеп, Сарыарқа көгін, сайын даланы сазды әуенімен, сырнайлы сазымен көрерменді әсем әнге бөлеген Мағзұмовтар отбасы болатын. Таулардың биіктігі алыстаған сайын асқарлана беретіні секілді арада жылдар жөңкіліп жатса да Сарыарқа жұртшылығы Мұса мен Ұлмекеннің есімін жадынан өшірмейді.
Әркімге өлшеніп берілген ғұмыр бар. Ұлмекен Ғалымова өмірден ерте кеткенімен, оның дауысы, жарқын бейнесі көптеген ән сүйер қауымның көңілінен өше қойған жоқ.
Сонау 90-шы жылдары халықаралық «Үкілі үміт» байқауында жүлделі орынды иемденіп, жастар арасында хит болған «Ақ шағала» (Сөзі Бейбіт Оспандікі, Әні Жанат Темірованікі ) әнін нақышына келтіріп, арқа төсінде орындаған да осы Ұлмекен Ғалымова болатын. Оның орындауындағы ән тыңдарманның жүрегіне жол тауып, сол кездегі Целиноград облыстық телевидениенің хабарынан апта сайын шырқалып жататын.
«Ақ шағала» әніне тұңғыш бейнебаян жасаған режиссер Қарлығаш Мұқанова, дыбыс режиссері Алтай Болатов еді. Енді, міне сол әннің бейнебаянына сәл өңдеу жасап, тыңдармандарға ұсынып отырған телевидение ардагері Алтай Болатов. Қабыл алыңыздар.

Комментарии

Информация по комментариям в разработке