Жүкті әйелдерге намаз оқымауға бола ма? // Марфуға ШАПИЯН

Описание к видео Жүкті әйелдерге намаз оқымауға бола ма? // Марфуға ШАПИЯН

Жүктілік кезінде намазды тұрып оқуға қиналған сәттен бастап, отырып оқуыңызға болады. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.у) Ъимран ибн Хусайын деген сахабаға: «Намазды тұрып оқы. Тұрып оқи алмасаң, отырып оқы. Отырып та оқи алмасаң, бір жақ қырынан жатып оқы»[1], – деген.

Сондай-ақ, сәждеге баруды ауырсынсаңыз отырған күйі иілуіңіз жеткілікті. Тек рүкүғқа иілгеннен кейін сәждеге одан гөрі көбірек иілесіз.

Алла елшісі басқа бір хадисінде: «Мүмкін болса, жерге маңдайыңды қой. Оған шамаң келмесе, қимылмен оқы. Сәждеге рүкүғтан гөрі көбірек иіл!»[2], – дейді.

Осы орайда, жерге отыру қиынға соқса, орындыққа отырып оқуға болады. Алла біздерге ауырлық емес, жеңілдік қалайды[3]. Бұл аятқандарымыз қатты қиналған жанға қатысты. Ал, аз-маз ауырсынғаны үшін отырып оқығаннан гөрі тұрып оқығаны дұрыс. ‪@IslamNur-fw9bb‬

#жүктіәйел #аяғыауыр #намаз

МЕНІ МЫНА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕН ТАБА АЛАСЫЗДАР:

*instagram:   / marfugashapian  

*facebook:   / marfugashapian  

*vk: https://vk.com/marfugashapian

*telegram: https://t.me/marfugashapian

Хат жіберу үшін пошта: [email protected]

Комментарии

Информация по комментариям в разработке